Bosch IXO Notice Originale page 104

Masquer les pouces Voir aussi pour IXO:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
104 | Қазақ
Жинау
Бұрғылау қондырмасын енгізу (A1–A2
суреттерін қараңыз)
Бұрғылау қондырмасын (1) монтаждаудан бұрын бұрауыштың резеңке
қалпақшасын (7) алға қарай тартып шығару керек.
Содан кейін бұрғылау қондырмасын (1) бұрауышқа енгізіңіз. Бұрғылау
қондырмасын құлып белгісімен құлыптан босату сақинасында (4)
жоғары қаратып немесе 45°-қа жылжытып орнатуға болады. Бұрғылау
қондырмасы шерту дыбысымен тірелуі керек.
Бөлшектеу (B1 – B2 суреттерін қараңыз)
Құлыптан босату сақинасын (4) ➊ айналу бағытымен бұрап, бұрғылау
қондырмасын алға қарай (➋) тартып шығарыңыз.
Сонан соң резеңке қалпақшаны (7) қайтадан бұрауышқа енгізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты монтаждау (C суретін қараңыз)
Құлыптау төлкесін (3) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты құрал
бекіткішіне (2) тірелгенше кіргізіңіз және құлыптау төлкесін (3) қайта
жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
IXO (3 603 JA8 0.., 3 603 JC7 0.., 3 603 JC7 1..) (D1 және D2
суреттерін қараңыз)
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу
бағытын ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше алға жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу
бағытын ауыстырып-қосқышты (5) артқа жылжытыңыз.
IXO (3 603 J81 0.., 3 603 J59 1.., 3 603 J59 3..)
(мына суретті қараңыз: D3)
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды бұрап бекіту
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) солға тірелгенше
басыңыз.
1 609 92A 5M1 | (14.09.2020)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières