Көрсеткіш Қысым
деңгейі
ОРТАША
ЖҰМСАҚ
MIX
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Боялған немесе сезімтал беттердің
зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған
жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған
жағдайда беттері зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем
емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал
беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз
жəне оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет N
2. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
5. Қысым индикаторында қажетті қысым деңгейі
көрсетілгенге дейін Power Control Vario Power
шүмегін бұраңыз.
Тазалау құралдарымен пайдалану
ҚАУІП
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған
жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық
төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары
бойынша нұсқауларды қараңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде
араластыруға болады.
Нұсқау
Жуғыш құралдармен жұмыс істеу үшін Plug 'n'
Clean арнайы ыдысы талап етіледі. KÄRCHER
жуғыш құралдары Plug 'n' Clean ыдыстарында
қолдануға дайын күйінде сатылады.
1. Plug 'n' Clean жуғыш құралына арналған
ыдыстың қақпағын алып тастаңыз.
2. Plug 'n' Clean жуғыш құралына арналған
жалғағышқа саңылауын төмен қаратып, жуғыш
құралға арналған ыдысты қысып жабыңыз.
Сурет O
3. Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
4. Бүріккіш түтікті «MIX» бағытына жоғары
қысымды пистолетте «MIX» пайда болғанша
бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су
ағысына араластырылады.
Мыналар үшін
ұсынылады мысалы:
Автомобильдер/
мотоциклдер, кірпіш
беткейлер, сыланған
қабырғалар, пластикалық
жиһаз
Ағаш беттер,
велосипедтер, құмтас
беттері, ротан жиһазы
Тазалау құралдарымен
пайдалану
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке
шашыңыз жəне сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен
шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
1. Plug 'n' Clean жуғыш құрал бөтелкесін
ұстағыштан шығарып, оны қақпақпен жабыңыз.
2. Сақтау үшін жуғыш құрал бөтелкесін қақпақпен
ұстағышқа салыңыз.
3. Құрылғыны шамамен 30 секунд бойы таза сумен
шайыңыз.
Жұмысты тоқтату
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде
жоғары қысым қалады.
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін
бұғаттаңыз.
Сурет P
3. Шүмегі бар жоғары тегеурінді пистолетті
сақтауға арналған қалыпқа орнатыңыз.
4. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде
құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар!
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу.
Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды
тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд
бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым төмендетіледі.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін
бұғаттаңыз.
6. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
7. Құрылғыны су құбырының желісінен
ажыратыңыз.
8. Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының салмағына байланысты жарақат
алу жəне зақымдану қаупі!
Жарақат алу жəне зақымдану қаупі.
Тасымалдау жəне жүктеу кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны көшіру
1. Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз жəне көшіріңіз.
Құрылғыны сүйреу
1. Тұтқаны естілетін шыртылға дейін тартыңыз.
2. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Автомобильмен тасымалдау
1. Тасымалдаудың алдында Plug 'n' Clean жуғыш
құралға арналған ыдысты бекіністен шығарыңыз
жəне қақпақпен жабыңыз.
2. Құрылғыны қисаймайтындай жəне
құламайтындай етіп бекітіңіз.
Қазақша
Тасымалдау
159