Bosch PDR 18 LI Notice Originale page 112

Masquer les pouces Voir aussi pour PDR 18 LI:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
OBJ_BUCH-2739-002.book Page 112 Tuesday, June 28, 2016 11:06 AM
112 | Қaзақша
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз "Техникалық мәліметтер" де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне
дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң
2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті
анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін
және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-2, EN 50581.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ETM9,
70538 Stuttgart, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch Power Tools GmbH
70538 Stuttgart, GERMANY
Stuttgart, 01.01.2017
Жинау
Аккумуляторды зарядтау (А суретін қараңыз)
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
 Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
– Аккумуляторды 4 шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін 3 басыңыз және аккумуляторды электр
құралдан артқа шығарыңыз. Тартқан кезде күш
салмаңыз.
Аккумуляторды 4 зарядтау үшін электр құралында
қалдыруға болады. Зарядтау кезінде электр құралын
қосуға болмайды.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
1 609 92A 2SX | (28.6.16)
Жұмыс құралын ауыстыру (В суретін
қараңыз)
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Бекіту төлкесін 2 алға тартып алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше аспап патронына 1 жылжытып бекіту
төлкесін 2 жіберіп алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
– Бұрау үшін тек 8 (DIN 3126-E6.3) шарлық ысырмасы
бар қондырма биталарды пайдаланыңыз. Басқа
қондырма биталарды 9 шарлық ысырмасы бар
әмбебап бита ұстағышы 10 арқылы орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
– Бекіту төлкесін 2 алдынға жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны 1 алмалы-салмалы аспабпен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмы арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс әдісі екі басқышқа бөлектенеді:
Бұрау мен тарту (қағу механизмі жұмыста).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады. Бұранда
немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
– Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 5 ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын
сезгенше салыңыз. Зарядталған аккумуляторды 4
разъемға бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп
тұрғанын сезгенше салыңыз.
Айналу бағытын орнату (C суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 5 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 6 басқанда бұл мүмкін емес.
– Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 5 солға тірелгенше басыңыз.
– Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын 5 оңға тірелгенше
басыңыз.
Қосу/өшіру
– Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 6 басып
тұрыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières