Télécharger Imprimer la page

Bosch GML 20 Professional Notice Originale page 149

Masquer les pouces Voir aussi pour GML 20 Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
OBJ_BUCH-1181-004.book Page 149 Tuesday, April 19, 2016 1:24 PM
картадағы қолжетімді әндердің жалпы саны
көрсетілгеннен соң орындалуы мүмкін. Картаны алу
үшін оған басыңыз, сосын ал шығады.
– USB қосу: USB флешкасын (немесе сай аудио көзінің
USB штекерін) USB ұяшығына 33 салыңыз. USB
флешкасының ойнатылуы d көрсеткішінде ән нөмірі
мен картадағы қолжетімді әндердің жалпы саны
көрсетілгеннен соң орындалуы мүмкін. USB
флешкасын алу үшін оны USB ұяшығынан шығарыңыз.
– AUX-In қосқышы 2: AUX-In қосқышы 2 дискілер
бөлімшесінің ішінде орнатылатын аудио көздері үшін
жарамды болады (мысалы, MP3 плеер). Жеткізілген
AUX кабелінің 3,5 мм штекерін „AUX 2 IN" ұяшығына
35 салыңыз. AUX кабелін сайкес аудио көзіне қосыңыз.
Өлшемі сәй болса қосылған сыртқы аудио көздері
ұстағыштың 36 жабысқақ таспасына дискіліер
бөлімшесінде бекіту мүмкін.
Зақымданудан және ластанудан қорғау үшін дискілер
бөлімшесінің қақпағын 9 сыртқы аудио көзін қосқаннан
соң жабыңыз.
Қосылған аудио көзін ойнату үшін аудио көзін таңдау
„Source" 22 пернесін дисплейде керекті аудио көзінің
көрсеткіші m пайда болғаныша басыңыз.
Сыртқы аудио көздерін басқару
SD/MMC салу орны 34 немесе USB ұяшығы 33 арқылы
қосылған аудио көздерінде ойнатуды құрылыс алаңы
радиоқабылдағышы арқылы басқару мүмкін. d
көрсеткішінде сол жағында ағымдық таңдалған әндер мен
оң жағында бар әндердің жалпы саны көрсетіледі.
Ойнату/ойнатуды тоқтату:
– Ойнатуды бастау үшін ойнату/тоқтату 24 пернесін
басыңыз. Ағымдағы әннің ойнау ұзақтығы j
көрсеткішінде пайда болады.
– Ойнатуды тоқтату немесе жалғастыру үшін,
ойнату/тоқтату 24 пернесін қайта басыңыз. Ағымдық
ойнату ұзақтығы j көрсеткішінде пайда болады.
Әнді таңдау:
– Әнді таңдау үшін төменде іздеу пернесін „– Seek" 23
немесе жоғарыда іздеу пернесін „Seek +" 21 керекті
әндің нөмірі d көрсеткішінің сол жағында пайда
болғанша баса беріңіз.
– Ойнатуды бастау үшін ойнату/тоқтату 24 пернесін
басыңыз.
Кездейсоқ ойнату/қайта ойнату:
– Картадағы немесе USB флешкасындағы барлық
әндерді кездейсоқ реттілікте ойнату үшін, кездейсоқ
ойнату/қайта ойнату пернесін 20 бір рет басыңыз.
Дисплейде f индикаторы пайда болады.
– Ағымдық қалтаның барлық әндерін қайталау үшін
кездейсоқ ойнату/қайта ойнату пернесін 20 екінші рет
басыңыз. Дисплейде g индикаторы пайда болады.
Нұсқау: Тек осы функцияда көрсеткіштің d оң жағында
картадағы немесе USB флешкасындағы ағымдық
қалтаның нөмірі жанады. Қалтаны алмастыру үшін
алдымен қалыпты ойнатуға қайтып әнді керекті
қалтадан таңдаңыз.
Bosch Power Tools
– Ағымда ойнатылған барлық әндерді қайталау үшін
кездейсоқ ойнату/қайта ойнату пернесін 20 үшінші рет
басыңыз. Дисплейде h индикаторы пайда болады.
– Қалыпты ойнатуға қайту үшін кездейсоқ ойнату/қайта
ойнату пернесіне 20 төртінші рет басыңыз, осылай f, g
немесе h көрсеткіштерінің ешбірі дисплейде пайда
болмайды.
– Ойнатуды бастау үшін ойнату/тоқтату 24 пернесін
басыңыз.
Сыртқы аудио ойнатуды қосу (C суретін қараңыз)
Құрылыс алаңы радиоқабылдағышының ағымдық аудио
сигналын басқа ойнату құрылғыларына да (мысалы,
күшейткіш пен динамик) тасымалдау керек.
„LINE OUT " ұяшығының 30 сақтау қалпақшасын шешіп
сәйкес AUX кабелінің 3,5 мм штекерін ұяшыққа салыңыз.
Сәйкес ойнату құрылғысының AUX кабеліне қосыңыз. AUX
кабелінің штекерін алғанда ластанудан сақтау үшін
„LINE OUT " ұяшығының 30 қорғағыш қалпақшасын қайта
орнатыңыз.
Сыртқы құрылғылар энергиямен
жабдықталуы
Сыртқы құрылғылар 12 В немесе айнымалы тоқ қосқышы
арқылы энергиямен жабдықталуы тек құрылыс алаңы
радиоқабылдағышының желіге қосылуы және орнатылған
аккумулятор арқылы мүмкін болады.
Егер құрылыс алаңы радиоқабылдағышы тоқ желісіне
қосылған болса, онда растау үшін жасыл басқару жарығы
3 жанады.
USB қосқышы
USB қосқышы арқылы энергиямен жабдықталуы USB
арқылы мүмкін болған құрылғылардың көбін (мысалы
түрлі ұялы телефондар арқылы) пайдалану немесе
зарядтау мүмкін.
Бұғаттау тұтқышын 8 ашып дискілер бөлімшесінің
қақпағын 9 ашыңыз. Сыртқы құрылғының USB қосқышын
сәйкес USB кабелі арқылы құрылыс алаңы
радиоқабылдағышының USB ұяшығына 33 қосыңыз.
Зарядтау әдісін бастау үшін сыртқы құрылғыны құрылыс
алаңы радиоқабылдағышында сыртқы аудио көзі ретінде
таңдау керек болады.
12 В қосқыш (C суретін қараңыз)
12 В қосқыш арқылы сыртқы электр құрылғысын 12 В
штекерімен және максималдыl 1 A тоқ тұтынуымен
пайдалану керек.
12 В қосу ұяшығының 29 қорғағыш қалпақшасын алып
қойыңыз. Сыртқы электр құралының штекерін 12 В қосу
ұяшығына салыңыз.
12 В қосқышы сақтандырғышпен 32 қорғалған. Сыртқы
құрылғы қосқышында кернеу жоқ болса, онда бұғаттау
тұтқышын 8 ашып дискілер бөлімшесінің қақпағын 9
ашыңыз. Сақтағыш қалпақшаны 31 бұрап шығарып
орнатылған сақтағыш 32 істеп кеткенін тексеріңіз.
Сақтағыш шешілген болса жаңа дәл сақтағышты
(5 x 20 мм, 250 В максималды кернеу, 1 A атаулы тоқ пен
жылдам істеп кету сипаты). Сақтандырғыш қалпақшаны
31 қайта бұрап қойыңыз.
Қaзақша | 149
1 609 92A 2NE | (19.4.16)

Publicité

loading