Télécharger Imprimer la page

Bosch GML 20 Professional Notice Originale page 148

Masquer les pouces Voir aussi pour GML 20 Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
OBJ_BUCH-1181-004.book Page 148 Tuesday, April 19, 2016 1:24 PM
148 | Қaзақша
„CUSTOM" параметрін өзгерту:
– Дыбысты қолмен реттеу үшін „Custom" 17 пернесін бір
рет басыңыз. Дисплейде „BAS" c көрсеткіші мен d
көрсеткішінде тереңдіктер ауқымының мәні
жыпылықтайды.
– Керекті тереңдіктер ауқымын реттеңіз (0 мен 10
арасындағы мән). Тереңдіктер ауқымын арттыру үшін
„Bass/Treb" 25 бұрама түймешесін сағат тілімен, ал
төмендету үшін бұрама түймешені сағат тіліне қарсы
бұраңыз.
– Реттелген тереңдіктер ауқымын сақтау үшін дыбыс
параметрін қолмен реттеу „Custom" 17 пернесін
екінші рет басыңыз. Дисплейде „TRE" b көрсеткіші
кейінгі биіктіктер ауқымын реттеу үшін және d
көрсеткішінде биіктіктер ауқымының сақталған мәні
жыпылықтайды.
– Керекті биіктіктер ауқымын реттеңіз (0 мен 10
арасындағы мән). Биіктіктер ауқымын арттыру үшін
„Bass/Treb" 25 бұрама түймешесін сағат тілімен, ал
төмендету үшін бұрама түймешені сағат тіліне қарсы
бұраңыз.
– Реттелген биіктіктер ауқымын сақтау үшін дыбыс
параметрін қолмен реттеу „Custom" 17 пернесін
екінші рет басыңыз.
Аудио көзін таңдау
Аудио көзін таңдау үшін „Source" 22 пернесін дисплейде
керекті ішкі аудио көзі көрсеткіші m („Радио стансаны
реттеу/сақтау" 148 бетінде қараңыз) немесе сыртқы
аудио көзі көрсеткіші („Сыртқы аудио көздерін
қосу" 148 бетінде қараңыз) көрсетілгенше баса беріңіз:
– „FM": Радио УҚТ арқылы,
– „AM": Радио ОТ арқылы,
– „AUX 1": сыртқы аудио көзі (мысалы, CD-плейер)
сыртындағы 3,5 мм ұяшығы 28 арқылы,
– „AUX 2": сыртқы аудио көзі (мысалы, MP3 плеер)
дискілер бөлімшесіндегі 3,5 мм ұяшығы 35 арқылы,
– „USB": сыртқы аудио көзі (мысалы, USB флешкасы)
USB ұяшығы 33 арқылы,
– „SD": сыртқы аудио көзі (SD/MMC картасы) SD/MMC
салу орны 34 арқылы.
Қадаулы антенаны бағыттау
Құрылыс алаңы радиоқабылдағышы орнатылған қадаулы
антеннамен 10 жеткізіледі. Радио жұмыс істегенде
қадаулы антеннаны ең жақсы қабылдау бағынына
бұрыңыз.
Қабылдау дәрежесі аз болса, онда Құрылыс алаңы
радиоқабылдағышын жақсы қабылдайтын жерге
орнатыңыз.
Ескертпе: Құрылыс алаңы радиоқабылдағышын радио
жабдықтарының, радио құрылғылардың немесе басқа
электроникалық құрылғылар ортасында пайдалансаңыз,
радио қабылдау төмендеуі мүмкін.
Егер қадаулы антенна 10 босаса, онда оны тікелей
корпуста сағат тілімен бұрап қойыңыз.
1 609 92A 2NE | (19.4.16)
Радио стансаны реттеу/сақтау
Аудио көзін таңдау пернесін „Source" 22 m „FM"
көрсеткіші ультра қысқа толқын (УҚТ) үшін немесе „AM"
көрсеткіші орташа толқын аумағы (ОТ) үшін пайда
болғанша баса беріңіз.
Белгілі радио жиілігін реттеу үшін „Tune" 19 бұрама
түймешесін сағат тілімен бұрап жиілігін көтеріңіз немесе
сағат тіліне бұрап жиілігін төмендетіңіз. Реттеу кезінде
жиілік n көрсеткішінде, сосын j көрсеткішінде дисплейде
пайда болады.
Жоғары сигнал қаттылығымен радио стансаларды
іздеу үшін жоғарыда іздеу пернесін „–Seek" 23 немесе
төменде іздеу пернесін „Seek +" 21 басып қысқа басып
ұстап тұрыңыз. Табылған радио стансаның жиілігі
дисплейдегі n көрсеткішінде, сосын j көрсеткішінде пайда
болады.
Сәйкес сигналдың қабылдану күші жетерлік болса
құрылыс алаңы радиоқабылдағышы автоматты стерео
қабылдауға өтеді. Дисплейде стерео қыбылдау көрсеткіші
i пайда болады.
Реттелген стансаны сақтау үшін „Memory" 16 сақтау
пернесін басыңыз. Дисплейде „PRESET" e көрсеткіші
сосын d көрсеткішінде соңғы сақталған сақтау орнының
нөмірі жыпылықтайды. Сақтау орнын таңдау үшін
жоғарыда іздеу пернесін „–Seek" 23 немесе төменде
іздеу пернесін „Seek +" 21 керекті сақтау орны d
көрсеткішінде пайда болғанша баса беріңіз. 16 сақтау
пернесін реттелген стансаны таңдалған сақтау орнында
сақтау үшін қайта басыңыз. e мен d көрсеткіштері басқа
жыпылықтамайды.
20 УҚТ станса мен 10 ОТ стансаны сақтау мүмкін. Бос емес
сақтау орны жаңа таңдалғанда жаңа реттелген радио
стансамен қайта жазылады.
Сақталған стансаны ойнату үшін жоғарыда іздеу
пернесін „– Seek" 23 немесе төменде іздеу пернесін
„Seek +" 21 керекті сақтау орны d көрсеткішінде және
„PRESET" e көрсеткішінде пайда болғанша баса беріңіз.
Сыртқы аудио көздерін қосу (C суретін қараңыз)
Кірістірілген радиомен түрлі сыртқы аудио көздерін
ойнату мүмкін.
AUX-In қосқышы 1: AUX-In қосқышы 1 дискілер бөлімше-
сінен тыс орнатылатын аудио көздері үшін жарамды
болады (мысалы, CD-плеер). „AUX 1 IN" ұяшығының 28
сақтау қалпақшасын шешіп жинатақтағы немесе басқа
сәйкес AUX кабелінің 3,5 мм штекерін ұяшыққа салыңыз.
AUX кабелін сәйкес аудио көзіне қосыңыз.
AUX кабелінің штекерін алғанда ластанудан сақтау үшін
„AUX 1 IN" ұяшығының 28 қорғағыш қалпақшасын қайта
орнатыңыз.
Сыртқы аудио көздері үшін төмендегі қосқыштар арқылы
бұғаттау тұтқышын 8 ашып дискілер бөлімшесінің
қақпағын 9 („Digital Media Bay") ашыңыз.
– SD/MMC қосу: SD немесе MMC картасын SD/MMC салу
орнына 34 салыңыз. Картаның жазылған жағы
сақтандырғыш қалпақ 31 бағытына көрсетуі керек.
Картаның ойнатылуы d көрсеткішінде ән нөмірі мен
Bosch Power Tools

Publicité

loading