Bosch GAS 35 L AFC Professional Notice Originale page 158

Masquer les pouces Voir aussi pour GAS 35 L AFC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
158 | Қазақ
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан
шаңды сору (G суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
u
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (4) кіріктірілген.
Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады.
Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген
қосылым қуатына назар аударыңыз.
– Сору адаптерін (20) орнатыңыз.
– Сору адаптерін (20) электр құралының сору келте
құбырына салыңыз.
Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр
құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара,
ажарлағыш және т.б.), сору адаптеріндегі (20) қосымша
ауа саңылауы (32) ашық болуы тиіс. Тек осылайша сүзгіні
автоматты түрде тазалау функциясы ақаусыз жұмыс істеуі
мүмкін.
Ол үшін сақинаны қосымша ауа саңылауы (32) арқылы
саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың іске қосу/тоқтату
автоматикасын қолданысқа енгізу
үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-
қосқышты (6) "Іске қосу/тоқтату
автоматикасы" белгісіне орнатыңыз.
– Шаңсорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткаға (4)
жалғанған электр құралын іске қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты түрде іске қосылады.
– Электр құралын өшіріп, соруды тоқтатыңыз.
Іске қосу/тоқтату автоматикасы сорғыш шлангіде
қалған шаңды сорып шығару үшін 15 секундқа дейін
қосымша жұмыс істейді.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (6)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Ылғал шаңсору
Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылғыш
сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып
тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға
болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар
жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе
сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
u
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Нұсқау: Өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (тазалау
класы L) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
Ылғал шаңсору алдындаңы жұмыс қадамдары
– Қажет болса, қоқыс қабын (23) немесе шаң жинағыш
қапты шығарып алыңыз.
Нұсқау: су мен қатты заттек қосындысын сору кезінде
оңай қоқысқа тастау үшін ылғал сүзгі қабын (керек-
1 609 92A 73J | (12.11.2021)
жарақ) пайдаланыңыз, ол сұйықтықты қатта заттектерден
ажыратады.
– Резеңке жиекті (26) едендік саптамаға (28) енгізіңіз.
– Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC) функциясын
өшіріңіз.
Сұйықтықтарды сорып алу
– Шаңсорғышты қосу үшін жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқышты (6) "Cору" белгісіне
жылжытыңыз.
Шаңсорғыш толтыру деңгейінің датчиктерімен (35)
жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жетсе,
шаңсорғыш өшеді. Жұмыс режимдерін ауыстырып-
қосқышты (6) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Нұсқау: өткізгіш емес сұйықтықтарды (мысалы,
бұрғылау эмульсиясы) сору кезінде, сорғыш толы
контейнер күйінде өшіп қалады. Толтыру деңгейін жүйелі
түрде тексеру және контейнерді дер кезінде босату
керек.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқышты (6) "Өшіру" белгісіне
жылжытыңыз.
– Контейнерді (1) босатыңыз.
Ылғалды шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу
үшін:
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) шығарып, оны жақсылап
кептіріңіз.
– Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (10) алып, сүзгі
қаптамасын (34) ашыңыз және екеуін де жақсылап
кептіріңіз.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау (H суретін
қараңыз)
Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC = Automatic Filter
Cleaning) кезінде жалпақ қатпарлы сүзгі (24) бүкіл 15
секунд бойы ауа соққысы арқылы тазаланады
(импульстік шуыл).
Сору қуаты жеткіліксіз болса, сүзгіні тазалау қажет.
Сүзгі тазалауды жүйелі түрде пайдалану арқасында
сүзгінің пайдалану мерзімі ұзарады.
Сүзгінің оңтайлы пайдалану мерзіміне қол жеткізу үшін
сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек ерекше
жағдайда ғана өшіріңіз, мысалы, таза сұйықтықты сору
немесе қағаз сүзгі қабын пайдалану кезінде.
Беті ластанған жалпақ қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа
қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп
тазарту керек емес және мұндай әрекеттерден сүзгіге
зақым тиюі мүмкін.
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы
зауытта қосылады.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек құрылғы
қосулы болғанда қосуға/өшіруге болады.
– AFC функциясын ажырату
AFC түймесін (3) басыңыз.
Бақылау жарық диоды (33) өшеді.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières