Hilti SIW 8-22 Mode D'emploi Original page 141

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
▶ Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін
бөгде заттармен тимеңіз. Бұл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі және
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶ Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа
тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын
пайдаланыңыз.
Бұл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар
аударыңыз.
▶ Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш
материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз.
Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның
ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз немесе «Қауіпсіздік және
Hilti Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты құжатты оқып шығыңыз.
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданылатын
арнайы директиваларды ескеріңіз. → Бет 142
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы табуға
болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану бойынша
нұсқауларды оқып шығыңыз.
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
1
3.2
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім қолмен басқарылатын аккумуляторлық гайка бұрауыш болып табылады. Ол бұрағыш
гайкалар мен болттарды, дюбельдерді және бұрандалы бекіткіштерді бұрап бекіту және босатуға
арналған.
Гайка бұрауышты тек дәл/белгіленген айналу моментін қажет етпейтін жұмыстарда ғана пайдалану
қажет. Әйтпесе айналу моментінен асыру және бұрандаға немесе дайындамаға зақым келтіру қаупі
туындайды.
Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti компаниясы
бұл өнім үшін оңтайлы қуатқа қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың
соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.
Бұл аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде белгіленген
серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.
*2284956*
@
;
=
%
&
(
)
+
§
/
:
2284956
Құрал бекіткіші (сыртқы төрт қырлы)
Қосуды бұғаттауы бар солға/оңға
айналудың ауыстырып-қосқышы
Реттелетін негізгі сөндіргіш (айналу жиілігі
электрондық түрде басқарылатын)
Тұтқыш
Керек-жарақтарға арналған монтаждық
саңылау
Аккумулятор
Режим индикаторы
Режим түймесі
Жұмыс орнын жарықтандыру (жарық
диоды)
Аккумуляторды босату түймесі
Аккумулятордың күй индикаторы
Қазақ
137

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières