Bosch LR 7 Professional Notice Originale page 160

Masquer les pouces Voir aussi pour LR 7 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
160 | Қазақ
Егер шамамен 20 минут ішінде лазер қабылдағышында ешбір түйме басылмай,
қабылдау өрісіне (5) 20 минут ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер
қабылдағышы батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді. Өшу барлық
жарық диодтары мен барлық дисплей индикаторларының қысқа уақытқа жануы
арқылы көрсетіліп, дыбыстық сигнал беріледі.
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау
Қабылдау дәлдігін реттеу түймесінің (2) көмегімен лазер қабылдағышының
қабылдау өрісіндегі позициясы қандай дәлдікпен "орташа" ретінде көрсетілетінін
анықтауға болады:
– "Дәл" қабылдау дәлдігі (дисплейдегі (f) индикаторы),
– "Шамамен" қабылдау дәлдігі (дисплейдегі (e) индикаторы).
Бағыт көрсеткіштері
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (5) орналасуы осылайша көрсетіледі:
– лазер қабылдағышының алдыңғы жағындағы дисплейдегі (6) "Ортаңғы сызық
астындағы лазер сәулесі" (b), "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" (d) бағыт
индикаторлары немесе ортаңғы сызық (c) арқылы,
– лазер қабылдағышының артқы жағындағы "Ортаңғы сызық астындағы лазер
сәулесі" (9), "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" (11) жарық диодты бағыт
индикаторлары немесе ортаңғы сызық (15) арқылы,
– сондай-ақ дыбыстық сигнал (қараңыз „Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық
дыбыс", Бет 161) арқылы.
Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі қабылдау өрісінің (5) жоғарғы
жартысынан өтсе, дисплейде "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" (d) бағыт
индикаторы және оған сәйкес "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" (11) жарық
диоды жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жоғары жиілікпен дыбыс шығарады.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай жылжытыңыз.
Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі қабылдау өрісінің (5) астыңғы
жартысынан өтсе, дисплейде "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" (b) бағыт
индикаторы және оған сәйкес "Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" (9) жарық
диоды жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал төмен жиілікпен дыбыс шығарады.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай жылжытыңыз.
Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау өрісінен (5) орта
белгісінің (10) биіктігінде өтсе, дисплейде ортаңғы сызық индикаторы (c) және оған
сәйкес ортаңғы сызық жарық диоды (15) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады.
1 609 92A 6B7 | (28.05.2021)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières