Bosch GCM 10 MX Professional Notice Originale page 207

Masquer les pouces Voir aussi pour GCM 10 MX Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
– Шпиндель бекіткішін (29) басып тұрып, бұранданы
(39) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол
жақ бұранда!).
– Қысқыш фланецті (40) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (41) алып тастаңыз.
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (42)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланецті (40) және бұранданы (39)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (29) тірелгенше
басып, бұранданы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
бекітіңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (5) бұранда (38)
тиісті саңылауға кіргенше төмен алға қарай басыңыз.
Ол үшін маятниктік қорғаныш қаптаманың алдын ала
керілісіне қол жеткізу үшін манипуляторды тұтқасынан
ұстап тұру керек.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (5) қайтадан бекітіңіз
(бұранданы (38) тартып қойыңыз).
– Иінтіректі (2) басып, маятниктік қорғаныш қаптаманы
қайтадан төмен қарай апарыңыз.
Қысқыш фланецті орнатқан кезде кең жағы ара
u
дискісіне қарап тұрғанына көз жеткізіңіз. Кері
орнату бағытында ара дискісін тарту мүмкін болмайды.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс
(F суретін қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (27) электр құралын
әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында (3) аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын (27) босатыңыз.
– Тасымалдау қорғағышын (27) толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Нұсқау: тасымалдау кезіндегі қорғаныс ішке
басылмағанына көз жеткізіңіз, әйтпесе манипуляторды
қажетті тереңдікке бұрау мүмкін болмайды.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Тереңдік шектегішін манипулятор қол тұтқасынан (3)
толықтай төмен бұралатындай ішке бұраңыз.
Bosch Power Tools
– Иінтіректі (2) басып, дәл сол уақытта манипуляторды
қол тұтқасынан (3) тасымалдау бекіткіші (27) толық
ішке басылғанша төмен бұраңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Жұмыс істеуге дайындау
Тіреуіш планканы жылжыту (G суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышында аралау кезінде реттелетін тіреуіш
планканы (17) жылжыту керек.
– Қатпарлы бұранданы (21) босатыңыз.
– Реттелетін тіреуіш планканы (17) толық сыртқа қарай
тартыңыз.
– Қатпарлы бұранданы (21) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тік еңіс бұрышында аралағаннан кейін реттелетін тіреуіш
планканы (17) кері жылжытыңыз (қатпарлы бұранданы
(21) босатыңыз; тіреуіш планканы (17) толығымен ішке
жылжытыңыз; қатпарлы бұранданы қайтадан тартып
қойыңыз).
Дайындаманы бекіту (H суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған
дайындамаларды өңдемеңіз.
– Дайындаманы (6) және (17) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты (18) арнайы
саңылауларға (8) енгізіңіз.
– Қатпарлы бұранданы (43) босатып, бұрандалы
қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы
бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
– Бұрандалы өзекті (44) тартып, осылайша
дайындаманы бекітіңіз.
Дайындаманы босату
– Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті
(44) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Көлденең және тік еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Реттегіш тетікті (10) аралаудан бұрын әрдайым
u
нық тартыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада
қисаюы мүмкін.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (I суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 52° (оң жақ)
аралығында реттеуге болады.
– Бекіткіш тетік (10) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Иінтіректі (11) басыңыз, аралау үстелін (7) реттегіш
тетігінен солға немесе оңға бұрап, бұрыш
Қазақ | 207
1 609 92A 5U4 | (07.10.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières