Bosch GLM 50-27 CG Professional Notice Originale page 432

Masquer les pouces Voir aussi pour GLM 50-27 CG Professional:
Table des Matières

Publicité

432 | Қазақ
Мұндай беттерде лазер нысандық тақтасын (19) (керек-жарақ) қажетінше
пайдаланыңыз.
Қате өлшеу нәтижелері қисық көзделген мақсатты жазықтықтарда да пайда болуы
мүмкін.
Температурасы әртүрлі болатын ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу
мәніне теріс әсер етуі мүмкін.
Дәлдікті тексеру және көлбеу өлшеуді калибрлеу (M суретін қараңыз)
Көлбеуді өлшеу дәлдігін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Бұл әрекет кері өлшеу
арқылы орындалуы мүмкін. Ол үшін өлшеу құралын үстелге қойып, көлбеуді
өлшеңіз. Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, көлбеуді қайтадан өлшеңіз.
Көрсетілген санның айырмашылығы ең көбі 0,3° құрауы тиіс.
Үлкен ауытқуларда өлшеу құралын қайта калибрлеу қажет. Ол үшін реттеулер ішінде
таңдаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Температураның шұғыл өзгеруінен немесе соққы жасалғаннан кейін, дәлдікті
тексеруге және, қажет болса, өлшеу құралын калибрлеуге кеңес беріледі.
Температураның өзгеруінен кейін калибрлемес бұрын өлшеу құралынның
температурасын біраз уақыт ретке келтіру керек.
Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру
Өлшеу құралының дәлдігін төмендегідей тексеріңіз:
– Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақтыққа байланысты өзгермейтін, шамамен 3–
10 м өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік саңылауы). Өлшеуді
қолайлы жағдайларда өткізу керек, өлшеу бөлме ішінде өткізіліп, өлшенетін
беттің аймағы тегіс және жақсы шағылысатын болуы керек.
– Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
Жеке өлшемдердің ауытқуы орташа көлемнен ең көбі ±4  мм шамасынан аспауы
керек, толық өлшеу ортасы қолайлы жағдайда өтуі керек. Дәлдікті кейінірек туралау
мүмкін болуы үшін, өлшеу мәндерін жазып алыңыз
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штативті әсіресе үлкен қашықтықтарды өлшеу кезінде пайдалану керек. Өлшеу
құралын 1/4 дюймдік ирек оймасымен (14) штативтің (21) немесе стандартты фото
штативтің жылдам алмастыру тақтасына орнатыңыз. Оны жылдам алмастыру
тақтасының бекіткіш бұрандасымен бекітіңіз.
Штативпен өлшеу үшін негізгі жазықтықты реттеулер ішінде реттеп шығыңыз
(қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау (B суретін қараңыз)", Бет 424).
1 609 92A 4ZJ | (14.10.2020)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Glm 50-27 c professional

Table des Matières