Bosch GSS 23 AE Professional Notice Originale page 100

Masquer les pouces Voir aussi pour GSS 23 AE Professional:
Table des Matières

Publicité

100 | Қазақ
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Өзіндік сору шаң қорабымен
(G1−G4 суреттерін қараңыз)
Шаң қорабын (4) сору құбырына (12) тірелгенше
орнатыңыз.
Шаң жәшігін (4) босату үшін оны төмен тартыңыз.
Шаң жәшігін (4) ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды
босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға
соққылаңыз.
Шаң жәшігін (4) ұстау ойысынан ұстап, сүзгі элементін
(13) жоғарыға шығарып шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі
элементінің (13) тілімшелерін жұмсақ қылшақпен
тазалаңыз.
1 609 92A 4AE | (04.09.2020)
Сыртқы сорғыш (H суретін қараңыз)
Сорғыш шлангын (14) сору құбырына (12) салыңыз.
Сорғыш шлангін (14) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы
нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Германияда ағаш шаңдарына TRGS 553 негізінде
тексерілген сорғыш аспаптар талап етіледі, жеке
сорғыштарды өндірісте пайдалануға болмайды. Басқа
материалдар үшін пайдаланушы арнайы қызмет көрсету
орталықтарынан сәйкес талаптарды сұрау қажет.
Тегістеу дискін алмастыру
Жаңа тегістеу дискін салудан алдын тегістеу тілігін (6) лас
пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен.
Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу
дискіндегі ойықтардың тегістеу пластинасының
ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Тегістеу дискілері жабысумен (A суретін қараңыз)
Тегістеу дискісі (6) жабысқақ матамен жабдықталған
болып тегістеу дискін жылдам және оңай бекітеді.
Берік ұстауды қамтамасыз ету үшін жапсырма матасын
тегістеу пластинасында (6) тегістеу дискін (7) орнатудан
алдын қағып шығыңыз.
Тегістеу дискін (7) тегістеу пластинасының (6) бір шетіне
қойып сосын тегістеу дискін тегістеу пластинасына
орнатып қатты басыңыз.
Тегістеу дискін (7) шешу үшін оны ұшынан ұстап тегістеу
пластинасынан (6) шығарыңыз.
Тегістеу дискілері жабысусыз (B–D - суреттерін
қараңыз)
❶ (8) босату пернесін басып ұстаңыз.
❷ Тегістеу дискісін (7) тірелгенше ашық алғы қысқыш
планка (9) астына тірелгенше апарып босату
пернесін (8) жіберіңіз. Ажарлау дискісінің ортада
тартылғанына көз жеткізіңіз.
❸ (5) қапсырмасын ішіне басып, тірелгенше
қайырыңыз.
❹ Тегістеу дискін (7) тегістеу тілігіне тығыздап салыңыз.
Тегістеу дискісінің (7) басқа жағын артқы қысқыш
планка мен қапсырмадағы (5) қызыл дөңгелек
арасына апарыңыз.
❺ Тегістеу дискісін тартып, қапсырманы (5) тегістеу
тілігініңбағытында басып тегістеу дискісін бұғаттаңыз.
Тесілмеген тегістеу дискілерін, мысалы, белдік немесе
метрлік сатуда, шаңсору үшін тесу аспабымен (10) тесуге
болады. Ол үшін тегістеу дискі орнатылған электр
құралын тесу аспабына басыңыз (E суретін қараңыз).
Тегістеу дискісін (7) алып қою үшін екі қысқыш
қапсырманы (5) босатып, тегістеу дискісін ұстағыштан
шығарыңыз. Босату пернесін (8) басып ажарлау дискісін
толық шешіңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières