Bosch GKS Professional 18V-57 G Notice Originale page 165

Masquer les pouces Voir aussi pour GKS Professional 18V-57 G:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
OBJ_BUCH-2769-003.book Page 165 Wednesday, June 8, 2016 9:35 AM
 Араны верстакқа немесе еденге қойғанда, аралау
дискісін қорғағыш қаптама жауып тұруы керек.
Қорғалмаған, айналатын аралау дискісі араны аралау
бағытында жылжытады және өзінің жолындағы барлық
нәрсені аралайды. Араның инерциялық жүріс
уақытына назар аударыңыз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Шығарылған жоңқаларды қолға алмаңыз.
Айналатын бөлшектердан жарақат алуыңыз мүмкін.
 Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз.
Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс
істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге
арналмаған.
 Тез кесетеін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
 Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар
тұтануға әкелуі мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
2 Жұмыс жарықтығы
3 Алты қырлы дөңгелек кілт
4 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
5 Шпиндельді бекіту түймесі
6 Тірек платформасы
7 Параллельді тірекке арналған құлақты бұранда
8 Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда
9 Бұрыш шкаласы
10 Кесік белгісі 45° (0° осында GKS 18V-57 G)
11 Кесік белгісі 0° (45° осында GKS 18V-57 G)
12 Бағыттайтын планка
13 Маятниктік қорғағыш қаптама
14 Маятниктік қорғағыш қаптаманы реттеуге арналған
иінтірек
15 Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты
бұранда (GKS 18V-57 G)
16 Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр
17 Қорғаныш қаптамасы
18 Қосқыш/өшіргіш
19 Аккумулятор*
20 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
21 Ара шпинделі
22 Тірек фланеці
23 Аралау дискісі*
24 Қысқыш фланец
25 Шайбасы бар қысқыш бұранда
26 Аккумуляторды босату түймесі*
27 Сору адаптерінің бекіту бұрандасы*
28 Сору адаптері*
29 Кесу тереңдігін реттеуге арналған қысқыш иінтірек
30 Аралау бұрышының шкаласы
Қaзақша | 165
1 609 92A 36W | (8.6.16)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gks professional 18v-57

Table des Matières