Bosch GBH 36 V-LI Professional Notice Originale page 158

Masquer les pouces Voir aussi pour GBH 36 V-LI Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
OBJ_BUCH-283-007.book Page 158 Monday, October 21, 2013 11:35 AM
158 | Қaзақша
– Тереңдікті шектеу тірегін орнату 13 пернесін басып
тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға 19
орнатыңыз.
Тереңдікті шектеу тірегінің 18 бұдырлауы төменге
көрсетуі қажет.
– SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus 3 аспабы
патронына тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда
SDS-plus-аспабының жылжымалылығы бұрғылау
тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
– Тереңдікті шектеу тірегін бұрғы ұшымен тереңдікті
шектеу тірегі ұшының аралығы қажетті бұрғылау
тереңдігіне X тең болғанынша тартыңыз.
Бұрғылау патроны мен аспаптарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап
патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Қағусыз ағашты, металды, керамиканы, пластмассаны
және бұрандаларды бұрғалау үшін SDS-plus сыз аспаптар
(мысалы цилиндрлік тұтқалық бұрғылар) пайдаланылады.
Осы аспаптар үшін жылдам қысу бұрғылау патроны
немесе тісті тәждік бұрғылау патроны қажет.
GBH 36 VF-LI: SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын 2
жинақтағы тез қысылатын ауыстырмалы бұрғы патронына
1 жылдам ауыстыруға болады.
Жылдам қысу патронын алмастыру
(GBH 36 V-LI)
SDS-plus-сіз аспаптарымен (мысалы цилиндр тұтқалық
бұрғы) жұмыс істеу үшін сәйкес аспап патронын
орнатыңыз (тісті тәждік немесе жылдам бекіту бұрғылау
патроны, керек-жабдықтар).
Жылдам қысу бұрғылау патронын орнату
(C суретін қараңыз)
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Жылдам қосу патронын 20 аспап патронына өзі
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Жылдам қысу патронын тартып, бекітілуді тексеріңіз.
Жылдам қысу патронын алып қойыңыз
– Бекіту төлкесін 5 артқа жылжытып тісті жылдам қысу
патронын 20 шешіңіз.
Аустырмалы бұрғылау патронын
шығару/орнату (GBH 36 VF-LI)
Алмалы-салмалы бұрғылау патронын шығару
(D суретін қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғы патронының бекіту шеңберін 6
артқа тартып, оны осы күйде ұстап SDS-plus
ауыстырмалы бұрғы патронын 2 немесе тез қысылатын
ауыстырмалы бұрғы патронын 1 алға тартыңыз.
– Шығарғаннан соң ауыстырмалы бұрғы патронын ластан
тазалаңыз.
Алмалы-салмалы бұрғылау патронын орнату
(E суретін қараңыз)
– Орнатудан алдын ауыстырмалы бұрғы патронын
тазалап, салынатын жағын аздап майлаңыз.
1 619 92A 065 | (21.10.13)
– SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын 2 немесе тез
қысылатын бұрғы патронын 1 алақанмен ұстаңыз.
Ауыстырмалы бұрғы патронын бұрап бұрғы патроны
қысқышына 23 тірелу дыбысы естілгенше
жылжытыңыз.
– Алмалы-салмалы бұрғылау патроны өзі бекітіледі.
Алмалы-салмалы бұрғылау патроны бекітілуін тартып
тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан сақтайтын бұқтырмамен 4 жұмыс істеу кезінде
бұрғылау шаңының аспап патронына кіруіне жол
бермейді. Аспапты пайдаланудан алдын шаңнан
сақтайтын бұқтырманың 4 зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
 Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS-plus электр құралын пайдалану
(F суретін қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– GBH 36 VF-LI: SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын
2 орнатыңыз.
– Алмалы-салмалы аспаптың салынатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы жұмыс құралын патронға автоматты
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын шығару
(G суретін қараңыз)
– Бекіту төлкесін 5 артқа жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды орнату
(GBH 36 V-LI) (H суретін қарау)
Ескертпе: SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық
бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз
аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
бұзылады.
– Жылдам қысу патронын 20 салыңыз.
– Тез қысатын бұрғылау патронының 20 артқы гильзасын
22 берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны 21
сағат тіліне қарсы жұмыс құралын салу мүмкін
болғанша бұраңыз. Құралды салыңыз.
– Тез қысатын бұрғылау патронының 20 артқы гильзасын
ұстап алғы гильзаны сағат тілімен сартылдаған дыбыс
шыққанша қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны
автоматты түрде бекітіледі.
– Аспапты тартып бекем тұруын тексеріңіз.
Ескертпе: Аспап патроны тірелгенше ашылған болса
жабуда дыбыс естіліп аспап патроны жабық болмауы
мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gbh 36 vf-li professional

Table des Matières