Bosch LR 6 Professional Notice Originale page 163

Masquer les pouces Voir aussi pour LR 6 Professional:
Table des Matières

Publicité

Қазақ | 163
Дыбыстық сигнал реттеуіне қарамастан, лазер қабылдағышындағы түймені әр
басқан сайын, растау үшін қысқа дыбыстық сигнал төмен дыбыс деңгейінде
беріледі.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу
Лазер қабылдағышының оң және сол жағындағы орта белгісі (12) қабылдау өрісінің
(9) ортасынан өтетін болса, оның көмегімен лазер сәулесінің биіктігін белгілеуге
болады.
Лазер қабылдағышының белгілеу кезінде дәл тігінен (көлденең лазер сәулесінде )
немесе көлденеңінен (тік лазер сәулесінде) туралануын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе
белгілер лазер сәулесінен жылжып кетеді.
Магнитпен бекіту (B суретін қараңыз)
Берік бекіту керек болмаса, лазер қабылдағышын магниттердің (10) көмегімен
болат бөліктерге бекітуге болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Лазер қабылдағышын әрдайым таза күйде ұстаңыз.
Лазер қабылдағышын еш жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі
мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары
туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде
өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және
кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Bosch Power Tools
1 609 92A 4HV | (19.05.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières