Bosch LR 6 Professional Notice Originale page 161

Masquer les pouces Voir aussi pour LR 6 Professional:
Table des Matières

Publicité

Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Лазер қабылдағышын ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз.
u
Лазер қабылдағышына айрықша температура немесе шұғыл температура
u
өзгерістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Қатты температура өзгерістерінің жағдайында алдымен лазер
қабылдағышын қолданысқа енгізбес бұрын жылытыңыз/суытыңыз. Айрықша
температура немесе шұғыл температура өзгерістерінің жағдайында лазер
қабылдағышының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
Лазер қабылдағышын орнату (A суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын лазерлік уровеннен кемінде 5 м алшақ орнатыңыз. Лазерлік
уровеньде қабылдағыш режимінің іске қосылғанына көз жеткізіңіз. Тек көлденең
немесе тек тік лазер жазықтығы жасалатын жұмыс режимін таңдаңыз.
Нұсқау: Бір уақытта көлденең мен тік лазер жазықтығын шығаратын жұмыс түрін
таңдамаңыз (айқыш-ұйқыш), әйтпесе лазер сызығының биіктігіне тиісті қате
көрсеткіштер пайда болуы мүмкін.
Лазер қабылдағышын лазер сәулесі қабылдау өрісіне (9) жететіндей етіп
орналастырыңыз. Оны лазер сәулесі қабылдау өрісінен көлденеңінен өтетіндей етіп
туралаңыз (суретте көрсетілгендей).
Қосу/өшіру
Лазер қабылдағышын қосқан кезде, дыбыстық сигнал шығады. Сондықтан
u
лазер қабылдағышын қосқан кезде құлақтан немесе басқа адамдардан
алшақ ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін зақымдауы мүмкін.
Лазер қабылдағышын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (2) басыңыз. Барлық жарық
диодтары қысқа уақытқа жанып, дыбыстық сигнал беріледі.
Лазер қабылдағышын қосқаннан кейін, әрдайым төмен дыбыс деңгейі және "дәл"
қабылдау дәлдігі орнатылады.
Лазер қабылдағышын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (2) қайтадан басыңыз.
Барлық жарық диодтары өшуден бұрын қысқа уақытқа жанады және үш дыбыстық
сигнал беріледі. Күй индикаторы (3) сөнеді.
Егер шамамен 20 мин ішінде лазер қабылдағышында ешбір түйме басылмай,
қабылдау өрісіне (9) 20 мин ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер
қабылдағышы батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.
Bosch Power Tools
Қазақ | 161
1 609 92A 4HV | (19.05.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières