Bosch GAS 12-25 PL Professional Notice Originale page 153

Masquer les pouces Voir aussi pour GAS 12-25 PL Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
– Толық пластік қабының (19) шетін арқаға
қапсырмалардан (31) арқаға тартып қойыңыз.
– Пластик қабын (19) абайлап оны зақымдамай
контейнерден (7) шығарыңыз.
– Пластик қабы сору тесігіне (30) немесе басқа өткір
заттарға тимеуіне көз жеткізіңіз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақ)
– Құлыптарды (9) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(10) ашыңыз (C суретін қараңыз).
– Алғашқы сүзгіні (22) ыдыстан (7) шығарыңыз.
– Толық шаң қабын (19) қосу фланецінен шығарыңыз.
Шаң қабының тесігін қақпағымен жабыңыз. Жабық
шаң қабын шаңсорғыштан контейнерден (7) алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер (7) ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Алғашқы сүзгіні (22) бағыттамаларымен шланг
қысқышы (3) бағытында ыдысқа (7) салыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (10) орнатып
құлыптарды (9) жабыңыз.
Резеңке жиегін орнату (ылғалды сору) (H
суретін қараңыз)
Нұсқау: Өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (тазалау
класы L) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
– Қылшықты жолды (24) сәйкес аспаппен едендік
қондырмадан (25) шешіңіз.
– Резеңке жиегін (23) едендік қондырмаға (25)
салыңыз.
Нұсқау: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
Пайдалану
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Шаңсорғышты пайдаланған кезде оны кенет домалап
кетуден қорғау үшін шаңсорғыштағы реттегіш
роликтердің бұғатталғанына көз жеткізіңіз. Роликтердің
жұмысқа қабілеттілігін тиісті бетпен жұмыс істеу алдында
сынап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В деп белгіленген
зарядтау құралдарын 220 В шамасында да
пайдалануға болады.
Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
u
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Bosch Power Tools
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
3
– Экспозиция шегі > 1 мг/м
болатын шаңды сору
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш
шлангіні (15) шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен (10) толық
алыңыз.
Құрғақ сору
Нұсқау: құрғақ сору кезінде алдын ала тазарту сүзгісі
(22) мен басты сүзгінің (20) шаңсорғышқа салынғанына
көз жеткізіңіз.
Жиналып қалған шаңды сору
– Шаңсорғышты іске қосу үшін, жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (1)
"Cору" белгісіне жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, жұмыс
режимдерін ауыстырып-қосқышты (1)
"Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан
шаңды сору (I суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
u
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (2)
кіріктірілген. Осы жерге сыртқы электр
құралын жалғауға болады. Жалғанған электр
құралының максималды рұқсат етілген
қосылым қуатына назар аударыңыз.
– Сору адаптерін (16) орнатыңыз.
– Сору адаптерін (16) электр құралының сору келте
құбырына салыңыз.
Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр
құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара,
ажарлағыш және т.б.), сору адаптеріндегі (16) қосымша
ауа саңылауы (32) ашық болуы тиіс. Тек осылайша сүзгіні
жартылай автоматты түрде тазалау функциясы ақаусыз
жұмыс істей алады.
Ол үшін сақинаны қосымша ауа саңылауы (32) арқылы
саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың іске қосу/тоқтату
автоматикасын қолданысқа енгізу
үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-
қосқышты (1) "Іске қосу/тоқтату
автоматикасы" белгісіне орнатыңыз.
– Шаңсорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткаға (2)
жалғанған электр құралын іске қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты түрде іске қосылады.
– Электр құралын өшіріп, соруды тоқтатыңыз.
Сорғыш шлангіден қалған шаңды сорып алу үшін іске
қосу/тоқтату автоматикасы 6 секундқа дейін қосымша
әрекет етеді.
Қазақ | 153
1 609 92A 60E | (01.10.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières