Bosch GAM 270 MFL Professional Notice Originale page 179

Masquer les pouces Voir aussi pour GAM 270 MFL Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 28
Қазақ | 179
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (14) басыңыз.
Егер шамамен 30 минут ішінде ешқандай әрекет орындалмаса, өлшеу
құралы батереялардың немесе аккумуляторлардың зарядын сақтау үшін
автоматты түрде өшеді.
Ватерпастармен туралау
(9) ватерпасының көмегімен өлшеу құралын көлденеңінен, ал (10)
ватерпасының көмегімен тігінен туралауға болады.
Көлденең немесе тік сызықтарды тексеру үшін өлшеу құралын ватерпас
ретінде де пайдалануға болады. Ол үшін өлшеу құралын тексерілетін
бетке қойыңыз.
Көрсеткішті бұрау
Егер өлшеу құралы 180°-қа бұралса, көрсетілетін мәнді оңай оқу үшін,
көрсеткіш автоматты түрде бұрылады.
"Стандартты өлшеу" жұмыс режимі
Өлшеу құралы әр қосылған соң "Стандартты өлшеу" жұмыс режимінде
болады.
"Стандартты өлшеу" режимінде бұрыш пен еңісті өлшеу әрекеттері бір
уақытта орындалады.
Бұрышты өлшеу (C–D суреттерін қараңыз)
Қайырмалы иінді (1) және негізгі иінді (4) өлшенетін жиектерге
апарыңыз немесе қойыңыз. Көрсетілген өлшеу мәні (g) негізгі мен
қайырмалы иіндердің арасындағы ішкі бұрышқа w тең болады.
Аталмыш өлшеу мәні дисплейде (7) қайырмалы иін (1) мен негізгі
иін (4) арасындағы бұрыш өзгергенше көрсетіледі.
Бұрышты көшіру (E суретін қараңыз)
Көшірілетін бұрышты қайырмалы мен негізгі иінді әдепкі бұрышқа қою
арқылы өлшеңіз.
Реттегіш дөңгелекті (3) бұрап бекіту арқылы иін орнын механикалық
түрде бекітуге болады. Көрсетілген мән сақталмайды.
Өлшеу құралын қажетті күйде дайындамаға қойыңыз. Иіндерді бұрышты
сызу үшін сызғыш ретінде пайдаланыңыз.
Өлшеу мәнін сақтау
Ағымдағы өлшеу мәнін (g) сақтау үшін (H) сақтау түймесін Hold (17)
басыңыз.
Растау үшін дисплейде (a) индикаторы жанады. Ағымдағы уақытта
көрсетілген мән ұсталып, иін жылжығанда да өзгермейді. Сақтау түймесі
Hold қайта басылса, (a) индикаторы дисплейде тұрақты түрде
көрсетіледі. Көрсетілген мән иін жылжыған сайын өзгереді. Алдында
ұсталып қалған мән енді фондық режимде сақталады. Hold (17) сақтау
түймесі қайта басылғанда, алдында сақталған мән көрсетіліп, (a)
индикаторы жыпылықтайды.
Сақталған мәнді жою үшін қосу/өшіру түймесін (14) қысқаша басыңыз.
Жаңа мәнді сақтау үшін алдында сақталған мәнді жою керек. Сақталған
мәндердің үстінен жазу мүмкін емес.
Сақталған мән өлшеу құралын өшіргенде де (қолмен немесе автоматты
түрде) сақталады. Алайда ол батареяны алмастырған кезде немесе
батарея заряды таусылғанда жойылады.
Иін ұзартқышымен өлшеу (G–H суреттерін қараңыз)
Иін ұзартқышы (21) орнату беті қайырмалы иіннен (1) қысқа болған
жағдайда бұрышты өлшеуге мүмкіндік береді.
Негізгі иінді (4) және иін ұзартқышын өлшенетін жиектерге жазықтық
бойынша апарыңыз немесе қойыңыз.
Дисплейде өлшеу мәні ретінде негізгі мен қайырмалы иіндердің
арасындағы бұрыш w көрсетіледі. Негізгі иін мен иін ұзартқышының
арасындағы ізделетін бұрышты v келесідей есептеуге болады:
 v = 180°–w
v
w
v
Bosch Power Tools
1 609 92A 58L | (22.11.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières