Télécharger Imprimer la page

Bosch GSS Professional 140 Notice Originale page 101

Publicité

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеу дискін алмастыру
Жаңа ажарлағыш дискіні енгізуден бұрын ажарлағыш
пластинаны (3) кір мен шаңнан, мысалы, жаққышпен
тазалаңыз.
Оңтайлы шаң соруды қамтамасыз ету үшін ажарлағыш
дискідегі ойықтардың ажарлағыш пластинаның
ойықтарына сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Тегістеу дискілері жабысусыз (A – C суреттерін
қараңыз)
❶ Екі  қысқыш қапсырманы (4) ысырмадан шығарып,
төменге қайырыңыз.
❷ Тегістеу дискісін (5) арқа қысқыш планка (2) астына
апарыңыз. Тегістеу дискісі (5) тым қысқа болмауына,
дұрыс қысылып бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қысқыш
қапсырманы (4) артқа бастапқы күйге қайырып, сол
жерде құлыптаңыз.
❸ Тегістеу қағазын тегістеу дискісіне (3) тығыздап
салыңыз. Тегістеу дискісінің алдыңғы бөлігін алғы
қысқыш планка (6) астында қысыңыз. Тегістеу дискісі
(5) тым қысқа болмауына, дұрыс қысылып
бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қысқыш қапсырманы (4)
артқа бастапқы күйге қайырып, сол жерде
құлыптаңыз.
Тегістеу дискісін (5) алып қою үшін екі қысқыш
қапсырманы (4) босатып, тегістеу дискісін ұстағыштан
шығарыңыз.
Тесілмеген тегістеу дискілерін, мысалы, белдік немесе
метрлік сатуда, шаңсору үшін тесу аспабымен (11) тесуге
болады. Ол үшін тегістеу дискі орнатылған электр
құралын тесу аспабына басыңыз (D суретін қараңыз).
Bosch Power Tools
Тегістеу дискін таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:
Барлық ағаштық заттектерді өңдеу үшін
Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала тегістеу үшін
Жалпақ тегістеу және аздаған кедір -
бүдірді тегістеу үшін
Қатты ағаштарды соңғы және нәзік
тегістеу үшін
Бояу/лак қабаттарын немесе толтырғыш
пен сылақ сияқты төсемелерді өңдеу үшін
Бояуды тегістеу үшін
Төсеме бояуды тегістеу үшін
Лактың төсеме бояуын тегістеу
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң жинағыш қаппен өзіндік сору (GSS 140 A) (E–G
суретін қараңыз)
Бүкіл шаң жинағыш қапты (8) құралмен толық
жанасқанша үрлеп шығару келте құбырына (9) орнатып
жылжытыңыз.
Босату үшін бүкіл шаң жинағыш қапты (8) үрлеп шығару
келте құбырынан (9) тартып шығарыңыз.
Нұсқау: шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін
шаң жинағыш қапты (8) дер кезінде босатып тұрыңыз.
Тік жазықтықтарда жұмыс істегенде электр құралын шаң
жинағыш қабы (8) төмен қарап тұратындай етіп ұстап
тұрыңыз.
Қазақ | 101
Түйіршіктілік
40 – 240
дөрекі 40, 60
орташа 80, 120
майда 180, 240
40 – 240
дөрекі 40, 60
орташа 80, 120
майда 180, 240
1 609 92A 9E4 | (15.12.2023)

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gss professional 140 a3 601 ba8