Télécharger Imprimer la page

Beko GNE 134605 FX Mode D'emploi page 127

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 34
Тоңазытқыш іске қосылған кезде оның дыбысы күшейеді.
Тоңазытқыштың жұмыс істеу өнімділігі бөлме температурасына байланысты
өзгеруі мүмкін. Бұл ақаулық емес, қалыпты жағдай.
Діріл немесе шуыл.
Еден тегіс емес немесе әлсіз. Аздап жылжытылған кезде тоңазытқыш
шайқалады. Еденнің тоңазытқышты жылжытуға жарайтындай қатты және тегіс
екеніне көз жеткізіңіз.
Дыбыс тоңазытқыш үстіне қойылған заттар әсерінен болуы мүмкін.
Тоңазытқыштың үстіндегі заттарды алып тастау керек.
Тоңазытқыштан сұйықтық ағып немесе шашырап жатқан сияқты дыбыстар шығады.
Сұйықтық және газ тоңазытқыштың жұмыс істеу принциптеріне сәйкес ағады. Бұл
ақаулық емес, қалыпты жағдай.
Жел соққан сияқты дыбыс шығады.
Тоңазытқышты салқындату үшін желдеткіштер қолданылады. Бұл ақаулық емес,
қалыпты жағдай.
Тоңазытқыштың ішкі қабырғаларына су жиналады.
Ыстық және ылғалды ауа-райының әсерінен мұз қату және су жиналу процестері
күшейеді. Бұл ақаулық емес, қалыпты жағдай.
Есіктер жартылай ашық қалған болуы мүмкін. Есіктердің толық жабылғанын
тексеріңіз.
Есік жиі ашып-жабылған немесе ұзақ уақыт бойы ашық қалған. Оларды жиі
ашып-жаппаңыз.
Тоңазытқыш сырты мен есік аралады дымқылданады.
Ауа ылғалдылығынан болуы мүмкін, бұл – ауа-райы ылғалды болғанда өте
қалыпты нәрсе. Ылғалдылық деңгейі азайғанда, жиналған су жоғалады.
Тоңазытқыш ішінен жағымсыз иіс шығады.
Тоңазытқыштың ішін тазалау керек. Тоңазытқыштың ішкі бөлігін губкамен, жылы
сумен немесе газдандырылған сумен тазалаңыз.
Иістің шығуына кейбір ыдыстар немесе бума материалдары себеп болуы мүмкін.
Басқа ыдыс немесе басқа түрдегі бума материалын пайдаланыңыз.
Есік жабылмайды.
Азық-түлік орамдары есіктің жабылуына кедергі болуы мүмкін. Есікке кедергі
жасаудағы орамдарды дұрыстап қойыңыз.
Тоңазытқыш тігінен тұрған жоқ және жылжытылған кезде тербетіледі. Көтеру
бұрандаларын реттеңіз.
Еден тегіс немесе берік емес. Еденнің тоңазытқышты жылжытуға жарайтынына
және тегіс екеніне көз жеткізіңіз.
Ыдыстар алынбайды.
Тағамдар тартпаның төбесіне тиіп қалған болуы мүмкін. Тартпадағы тағамдардың
орындарын ауыстырыңыз.
30
KK

Publicité

loading