Télécharger Imprimer la page

Beko GNE 134605 FX Mode D'emploi page 121

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 34
Қозғалмалы орталық бөлік
Қозғалмалы орталық бөлік
тоңазытқыштың ішіндегі суық ауаны
сыртқа шығудан қорғап тұрады.
1- Есіктегі аралық қабат қозғалмалы
орталық бөлік бетін қысқанда, тоңазыту
бөлігінің есіктері жабық тұрса,
оқшаулау қамтамасыз етіледі.
2- Тоңазытқышта қозғалмалы орталық
бөлік болуының екінші себебі —
ол тоңазыту бөлігінің стандартты
көлемін үлкейтеді. Стандартты
орталық бөліктер тоңазытқыштың
пайдаланылмайтын жерлерін алып
тұрады.
3- Тоңазыту бөлігінің сол жақ есігі
жабық тұрғанда, қозғалмалы орталық
бөлік те жабық болады.
4- Оны қолмен ашуға болмайды.
Есік жабық тұрғанда, ол корпустың
пластмасса бөлігі астында қозғалады.
Көп функциялы сақтау
бөлігі
Тоңазытқыштың көп функциялы
сақтау бөлігін тоңазыту (2/4/6/8
°C) немесе қатыру (-18/-20/-22/-24)
температурасына реттеп, қалаған
режимде пайдалануға болады. Бөлікті
көп функциялы сақтау бөлігінің
температурасын орнату түймесі
көмегімен қалаған температураға
қоюға болады. Көп функциялы
сақтау бөлігінің температурасын
тоңазыту бөлігінің температурасына
0-10 градус немесе қатыру бөлігінің
температурасына -6 градус қосып
орнатуға болады. 0 градус гастроном
тауарларын ұзағырақ сақтау, ал
-6 градус етті 2 аптаға дейін оңай
туралатын қалыпта сақтау үшін
пайдаланылады.
C
Тоңазыту немесе қатыру бөлігі
арасында ауыстыру қызметін
тоңазытқыштың артындағы жабық
бөлікте (компрессор бөлігі) орналасқан
салқындату элементі атқарады. Бұл
элемент істеп тұрғанда, аналогтық
сағаттағы секундтар дыбысына ұқсас
дыбыс естілуі мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай және ақау болып табылмайды.
Көк шам
Ыдыстарда сақталған азық-түлік
көк шаммен жарықтандырылған,
ол көк жарықтың толқын ұзындығы
әсерімен тағамдардың фотосинтезін
жалғастырады, осылайша олар жас
күйінде сақталады және дәрумендер
құрамы көбейеді.
24
KK

Publicité

loading