Télécharger Imprimer la page

Beko GNE 134605 FX Mode D'emploi page 102

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 34
Еріту процестерін тездету үшін,
өндіруші ұсынғаннан басқа
механикалық құрылғыларды немесе
басқа да құралдарды пайдаланбаңыз.
Бұл құрылғыны физикалық, сезу
және ойлау қабілеттері шектеулі
(балаларды қоса), не болмаса
тәжірибесі не білімі жоқ адамдар
олардың қауіпсіздігіне жауапты
адамның қадағалауымен және
құрылғыны пайдалануға байланысты
нұсқауларды бермейінше қолданбауы
тиіс
Зақымдалған тоңазытқышты
пайдаланбаңыз. Кез келген сұрағыңыз
болса, қызмет өкіліне хабарласыңыз.
Электрлік қауіпсіздікке тек үйдегі
жерге қосу жүйесі стандарттарға сай
болғанда ғана кепілдік беріледі.
Өнімді жауынға, қарға, күн шуағына
немесе желге шығару электрлік
қауіпсіздікке сәйкес қауіпті.
Қуат кабелі зақымданған кезде
қауіп-қатердің алдын алу үшін,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Орнату кезінде тоңазытқышты
ешқашан розеткаға қоспаңыз.
Әйтпесе өлім қаупі немесе
жарақаттану болуы мүмкін.
Бұл тоңазытқыш тек азық-түлік
элементтерін сақтауға ғана
арналған. Ол басқа мақсат үшін
пайдаланылмауы керек.
Техникалық сипаттамалар
жапсырмасы тоңазытқыштың ішкі оң
жақ қабырғасында орналасқан.
Тоңазытқышты электрлік қорғау
жүйелеріне ешқашан қоспаңыз, олар
тоңазытқышты зақымдауы мүмкін.
Тоңазытқыштың көк шамы жанса,
көк жарыққа оптикалық құралдармен
қарамаңыз.
Қолмен басқарылатын
тоңазытқыштар қуаты ажыратылса,
оны қайта қосу алдында кемінде 5
минут күтіңіз.
Өнімді басқаларға бергенде, жаңа
иесіне оның пайдалану нұсқаулығын
да беру керек.
Тоңазытқышты тасымалдау
барысында қуат кабелін зақымдап
алмаңыз. Кабельді бүктеу
салдарынан өрт шығуы мүмкін.
Қуат кабеліне ешқашан ауыр
заттар қоймаңыз. Өнімді қуат көзіне
жалғағанда, қосқышты су қолмен
ұстамаңыз.
Розетка тесіктері кеңейіп кетсе,
тоңазытқышты оған қоспаңыз.
Қауіпсіздік мақсатында өнімнің ішкі
және сыртқы бөлшектеріне суды
тікелей шашпаған дұрыс.
Өрт және жарылыс қаупін болдырмас
үшін, құрамында пропан сияқты
жанғыш газы бар заттарды
тоңазытқыш жанында шашпаңыз.
Тоңазытқыш үстіне суға толы
ыдыстарды қоймаңыз, әйтпесе электр
шогы немесе өрт болуы мүмкін.
Тоңазытқышқа шамадан тыс
көлемде азық-түлік салу арқылы
жүк түсірмеңіз. Шамадан тыс жүк
түссе, есікті ашқан кезде тағамдар
құлап кетіп, сізді жарақаттауы
немесе тоңазытқышты зақымдауы
мүмкін. Тоңазытқыштың үстіне
ешқашан заттар қоймаңыз, әйтпесе,
тоңазытқыш есігін ашып-жапқанда, ол
заттар құлап кетуі мүмкін.
Дәл сақтау температурасы қажет
болғандықтан, вакциналарды,
ыстық сезгіш дәрі-дәрмектерді және
ғылыми материалдарды және т.б.
тоңазытқышта сақтамау керек.
5
KK

Publicité

loading