Télécharger Imprimer la page

Beko GNE 134605 FX Mode D'emploi page 117

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 34
9. Жылдам қатыру функциясының
көрсеткіші
Жылдам қатыру функциясының
қосылып тұрғанын көрсетеді. Бұл
функцияны қатыру бөлігіне жаңа азық-
түліктерді салғанда немесе мұз қажет
болғанда пайдаланыңыз. Бұл функция
қосылып тұрғанда, тоңазытқыш белгілі
бір уақыт істеп тұрады.
Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті
түймені қайта басыңыз.
10. Қатыру бөлігі
температурасының көрсеткіші
Қатыру бөлігі үшін орнатылған
температураны көрсетеді.
11. Тоңазыту бөлігі
температурасының көрсеткіші
Тоңазыту бөлігі үшін орнатылған
температураны көрсетеді.
12. Жылдам салқындату
функциясының көрсеткіші
Жылдам салқындату функциясының
қосылып тұрғанын көрсетеді. Бұл
функцияны тоңазыту бөлігіне жаңа
азық-түліктерді салғанда немесе
азық-түліктерді жылдам суыту қажет
болғанда пайдаланыңыз. Бұл функция
қосылып тұрғанда, тоңазытқыш 2 сағат
бойы тоқтаусыз істеп тұрады.
Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті
түймені қайта басыңыз.
13. Көп функциялы аймақ бөлігі
температурасының көрсеткіші
Көп функциялы аймақ бөлігі үшін
орнатылған температураны көрсетеді.
14. Үнемдеу режимінің көрсеткіші
Тоңазытқыштың қуатты үнемдеу
режимінде істеп тұрғанын көрсетеді.
Қатыру бөлігінің температурасы
Бұл көрсеткіш функция -18 мәніне
орнатылғанда немесе Eco-Extra
функциясы қосылғандықтан қуатты
үнемдеп салқындату режимінде
тұрғанда жанады.
15. Қате күйінің көрсеткіші
Тоңазытқыш дұрыс суытпаса
немесе сенсор істемей қалса, осы
көрсеткіш қосылады. Бұл көрсеткіш
қосылып тұрғанда, қатыру бөлігі
температурасының көрсеткішінде «Е»,
ал тоңазыту бөлігі температурасының
көрсеткішінде «1,2,3...» сияқты сандар
көрсетіледі. Көрсеткіштегі бұл сандар
қызмет көрсету мамандарына қателік
туралы ақпаратты береді.
16. Пернелерді құлыптау
көрсеткіші
Тоңазытқыштың орнатылған
температурасы өзгеріссіз тұру үшін
осы функцияны пайдаланыңыз.
Бұл мүмкіндікті қосу үшін, Жылдам
салқындату және Икемді аймақ
бөлігінің температурасын орнату
түймесін бірге ұзақ (3 секунд) басып
тұрыңыз.
Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті
түймелерді қайта басыңыз.
17. Мұз қатырмау түймесі
Мұз жасау жұмысын тоқтату үшін,
мұз қатырмау түймесін 3 секунд
басып тұру керек. Мұз қатырмау
функциясы таңдалғанда, мұз ыдысына
су құйылмайтын болады. Бұған
қарамастан, мұз ыдысында кішкене
мұз қалып қалуы мүмкін. Оны шығарып
алуға болады. Мұз жасау жұмысын
қайта қосу үшін, мұз қатырмау түймесін
3 секунд басып тұру керек.
20
KK

Publicité

loading