Bosch GAS 35 L SFC+ Professional Notice Originale page 144

Masquer les pouces Voir aussi pour GAS 35 L SFC+ Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
144 | Қaзақша
Қоқыс қабы қосу фланеціне немесе басқа өткір заттарға
тимеуіне көз жеткізіңіз.
– Желімдеу таспасының қаптамасын шешіп қоқыс қабын
желімдеңіз.
Сосын қоқыс қабын 23 толтыру тесігінің астынан
шешілген желімдеу таспасының қаптамасымен
байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақтар)
– Құлыптарды 9 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8
ашыңыз.
– Толық шаң қабын ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз. Шаң қабының тесігін қақпағымен
жабыңыз. Жабық шаң қабын шаңсорғыштан алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер 1 ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 8 орнатып құлыптарды
9 жабыңыз.
Резеңке жиегін орнату (Ылғал шаңсору)
(F суретін қараңыз)
Ескертпе: Өткізу деңгейі талаптары (L шаң сыныпы) тек
құрғақ сору үшін негізделген.
– Қылшақты жолды 27 сәйкес аспаппен едендік
қондырмадан 28 шешіңіз.
– Резеңке жиегін 26 едендік қондырмаға 28 салыңыз.
Ескертпе: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
L-Boxx шертіңіз (G суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш
жабдықтарын және/немесе электр құралын жай
тиімдейтін ретте сақтау үшін шаңсорғыш жоғарғы
бөлігінде L-Boxx шертіңіз.
– L-Boxx патрондарға 7 басыңыз.
 Шаңсорғышты басылған L-Boxx тұтқасынан
көтермеңіз. Шаңсорғыш ол тұтқа үшін өте ауыр.
Жарақаттану мен зақымдану қауіпі бар.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдарымен 220 В жұмыс
істеуге болады.
 Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша
қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет
алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды шаңсору үшін
пайдалануға болады:
– Шектік мәні > 1 мг/м
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде
пайдаланбаңыз.
1 609 92A 3WO | (15.9.17)
3
болған шаңдар
Энергия қуатын үнемдеу үшін шаңсорғышты тек
пайдаланарда қосыңыз.
Оптималды сору қуатын қамтамасыз ету үшін сору шлангін
21 шаңсорғыш жоғарғы бөлігінен 8 толық алыңыз.
Құрғақ сору
Жиылған шаңдарды сорыңыз
– Шаңсорғышты қосу үшін, пайдалану
түрлерінің реттеуішін 5 "Cору" белгісіне
жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, пайдалану
түрлерінің реттеуішін 5 "Өшіру" белгісіне
жылжытыңыз.
Істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңдарды
сору (H суретін қараңыз)
 Ауа бөлмеге шықса бөлмеде жетерлік ауа алмасу
көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар
аударыңыз.
Шаңсорғышта жерге қосылған розетка 3 орнатылған. Ол
жерде сыртқы электр құралын қосу мүмкін. Қосылған
электр құралының максималды рұқсат етілген қосылатын
қуатына назар аударыңыз.
– Сору адаптерін 19 орнату ("Сору адаптерін орнату"
143 бетінде қараңыз).
– Сору адаптерін 19 электр құралының сору штуцеріне
салыңыз.
Ескертпе: Сору шлангына ауа келісі кем болған электр
құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара,
ажарлағыш т.б.), сырқы ауа тесігі 32 сору адаптерінде 19
ашық болуы тиіс. Тек осының арқасында сүзгіні жартылай
автоматты тазалау (SFC+) қиындықсыз жұмыс істейді.
Бұл үшін сыртқы ауа тесігінің 32 үстіндегі сақинаны тесік
барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың бастау/тоқтау
автоматикасын іске қосу үшін
пайдалану түрінің ауыстырып-қосқышын
5 "Бастау/тоқтауавтоматикасы" белгісіне
орнатыңыз.
– Шаңсорғышты пайдалануға беру үшін розеткасына 3
қосулы электр құралын қосыңыз. Шаңсорғыш
автоматты ретте жұмыс істеуді бастайды.
– Электр құралын өшіріп соруды тоқтатыңыз.
Бастау/тоқтау автоматикасының қосымша істеуі 15 с
шейін болады, ол сору шлангінден қалған шаңдарды
сорып алу үшін керек.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, пайдалану
түрлерінің реттеуішін 5 "Өшіру" белгісіне
жылжытыңыз.
Ылғал шаңсору
 Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер
сияқты жанғыш немесе жарылатын
сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын
шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар
бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières