Bosch EXACT ION 18 V-LI 2-700 Notice Originale page 147

Masquer les pouces Voir aussi pour EXACT ION 18 V-LI 2-700:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
All manuals and user guides at all-guides.com
Нұсқау: бұл ретте барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және бағдарламалық жасақтаманы
пайдалану нұсқаулығының ұсыныстарын орындаңыз.
Құралды алмастыру (C суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап
u
патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-
салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған
кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Алмалы-салмалы аспаптарды тек жарамды жалғағыш
ұштықтармен (1/4 дюймдік алты қырлы) пайдаланыңыз.
– Жылдам алмастыру патронының (2) төлкесін алға
тартыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты (13) аспап патронына (1)
салып, жылдам алмастыру патронын қайтадан
жіберіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
– Жылдам алмастыру патронының (2) төлкесін алға
тартыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты (13) аспап патронынан (1)
шығарып, жылдам алмастыру патронын қайтадан
жіберіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Электр құралын іске қосу қажет болса, алдымен айналу
бағытын ауыстырып-қосқышпен (6) айналу бағытын
реттеңіз:
Электр құралы айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (6)
ортада тұрмаған жағдайда ғана іске қосылады (іске
қосылудан қорғайтын құлып).
Айналу бағытын реттеу (D суретін қараңыз)
– Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6)
солға тірелгенше басыңыз.
– Сол жаққа айналу бағыты: бұрандаларды босату
немесе бұрап алу үшін айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (6) оңға тірелгенше басыңыз.
Жұмыс шамын іске қосу
Жұмыс шамы (3) қолайсыз жарықтықтандыру
жағдайында бұранда кіргізу жерін жарықтандыруға
көмектеседі. Жұмыс шамын (3) ажыратқышты (5)
ақырындап басу арқылы іске қосуға болады.
Ажыратқышты қаттырақ бассаңыз, электр құралы
қосылып, жұмыс шамы жанып тұрады.
Жұмыс шамына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Қосу/өшіру
Бұрауыштарда айналу моментіне
байланысты ажырату тіркесімі бар, ол
белгіленген аймақта реттеледі. Ол
Bosch Power Tools
орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін іске
қосылады.
– Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5)
тірелгенше басыңыз.
– Электр құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде
автоматты түрде өшеді.
Ажыратқыш (5) мерзімінен бұрын босатылса,
u
алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпейді.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моментін реттеу (E суретін қараңыз)
Айналу моменті ажырату тіркесімі серіппелерінің алдын
ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң
және сол жаққа айналу күйінде орнатылған айналу
моментіне жеткеннен кейін босатылады.
Жеке айналу моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген
реттегіш құралды (14) пайдаланыңыз.
– Электр құралындағы ысырманы (4) артқа қарай толық
жылжытыңыз.
– Реттегіш құралды (14) аспап патронына (1) салып,
баяу бұраңыз.
– Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба
(15)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (14)
осы дөңес жерге қойып бұраңыз.
Сағат тілінің бағытымен бұрағанда айналу моменті
жоғарырақ болады, ал сағат тілінің бағытына қарсы
бұрағанда төменірек болады.
– Реттегіш құралды (14) шығарыңыз. Тіркесімді
ластанудан қорғау үшін, ысырманы (4) алға қайта
қайтадан жылжытыңыз.
Нұсқау: қажетті реттеу бұрандалы қосылымның түріне
байланысты болады және практикалық тәжірибе өткізу
арқылы анықталуы тиіс. Сынақ бұрандалы қосылымды
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Айналу моментін тек берілген қуат диапазонында
u
реттеңіз, әйтпесе ажырату тіркесімі жұмыс
істемейді.
Айналу моментінің реттеуін белгілеу (F суретін
қараңыз)
Электр құралын әрдайым белгілеу шеңберімен
пайдаланып, корпусының шаң мен ластан қорғалуын
қамтамасыз етіңіз.
Жеке орнатылған айналу моменттерін белгілеу үшін
белгілеу шеңберін (16) басқа түсті белгілеу шеңберіне
алмастыруға болады.
– Белгілеу шеңберін (16) жұқа бұрауыш парағымен,
қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз.
Бұрандалы қосылымдардың индикаторы (жасыл/
қызыл түсті жарық диоды)
Орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін ажырату
тіркесімі босатылады. Жарық диодты индикатор (8)
жасыл түспен жанады.
Қазақ | 147
1 609 92A 4R0 | (25.02.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières