Bosch GHO 6500 Professional Notice Originale page 133

Masquer les pouces Voir aussi pour GHO 6500 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
– Қапсырманы (16) жонғы пышағымен (15) немесе HM/
TC адаптерімен (34) бірге пышақ бастиегінен (13)
шығарыңыз.
– Бұрандаларды (17) алып тастаңыз.
– Құрастырылған HSS жонғы пышағын орнатыңыз
(қараңыз „Жонғы пышағын орнату (E–F суреттерін
қараңыз)", Бет 132) және оны жонғы табандығының
ортасында (8) туралаңыз.
– Бұрандама қысқышты (12) орнатып, 3 бекіткіш
бұранданы (11) жұлдызшалы кілтпен (10) тартып
қойыңыз. Бұрандама қысқышта (12) көрсетілген тарту
реттілігін (①②③) сақтаңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқа шығатын жерді (3) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш (2) көмегімен жоңқалау тереңдігін
жоңқалау тереңдігі шкаласы (1) арқылы 0–2,6 мм-ге
(шкала бөліктері = 0,1 мм) бірқалыпты реттеуге болады.
Сақтайтын башмак (N суретін қараңыз)
Сақтайтын башмак (29) электр құралын дайындама
немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс
істеген соң тікелей тоқтатып қоюға мүмкіндік береді.
Жұмыс істеу кезінде сақтайтын башмак (29) жоғары
Bosch Power Tools
қарай қисайтылып, жонғы табандығының (8) артқы бөлігі
босатылады.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылу
құлпын (4) басып, содан кейін ажыратқышты (5) басып
тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Нұсқау: ажыратқышты қауіпсіздік тұрғысынан (5)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылып
тұруы қажет.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жонғы әдісі (N суретін қараңыз)
Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын
жонғы табандығының (8) алғы бөлігімен дайындамаға
қарай қойыңыз.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
u
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің
үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы
табандығын орташа күшпен басыңыз.
Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және
максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау
тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын
азайтыңыз.
Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу
сапасын төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам
бітейді.
Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын
қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.
Орнатылған сақтайтын башмак (29) дайындаманың кез
келген жайында тоқтаған жонғы әдісін жалғастыруға
мүмкіндік береді:
– Электр құралын төменге қисатылған сақтайтын
башмакпен дайындаманың қайта өңделетін жайына
қойыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Алдыңғы жонғы табандығына басып, электр құралын
жай алға жылжытыңыз (➊). Сонда сақтайтын башмак
жоғарыға қисайтылып (➋), жонғы табандығының
артқы бөлігі дайындамаға қайта жатады.
Қазақ | 133
1 609 92A 4LE | (17.10.2018)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières