Samsung EO-RG920 Mode D'emploi page 559

Table des Matières

Publicité

Құрылғыны пайдалану
Қосымша құрылғыларды қосу
Алу режимінде немесе жіберу режимінде Level Link құрылғысы Bluetooth арқылы екі
құрылғыға қосыла алады.
1
Алу режимінде немесе жіберу режимінде Level Link құрылғысын бірінші құрылғыға
қосыңыз.
2
Level Link құрылғысын екінші құрылғыға Bluetooth арқылы бірінші құрылғы үшін
пайдаланылған қосылу әдісін пайдаланып қосыңыз.
• Алу режимінде Level Link анықталған құрылғылар тізімінде көрінбесе, Bluetooth
жұптастыру режиміне кіру үшін көп функция түймесін шамамен 3 секунд бойы
басып тұрыңыз.
• Жіберу режимінде Level Link бір аудио құрылғыға қосылған болса, aptX кешігуі
төмен кодегін қолдайды. Level Link құрылғысына бір уақытта екі аудио құрылғы
қосылса, aptX кодегіне қолдау көрсетілмейді және бейне мен аудио шығысы
синхрондалмауы мүмкін.
• Жіберу режимінде Level Link және басқа құрылғылар арасындағы пайдалану
ауқымы азаюы мүмкін.
Басқа құрылғыларды қайта қосу немесе
ажырату
Құрылғыларды қайта қосу
Level Link құрылғысы құрылғылар арасындағы қашықтыққа байланысты аудио құрылғыдан
ажыратылса, қайтадан жұптастыру үшін құрылғыларды бір біріне жақындатыңыз және көп
функция түймесін басыңыз. Я болмаса, құрылғыларды жұптастыру үшін аудио құрылғыдағы
Bluetooth мәзірін пайдалануға болады.
Құрылғыларды ажырату
Level Link құрылғысын аудио құрылғыдан ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз немесе
құрылғыларды жұптастыруды үзіңіз. Екі құрылғыны аудио кабель арқылы қосқан болсаңыз,
екі құрылғыдан да кабельді ажыратыңыз.
Қазақ тілі
14
12

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières