Bosch PCM 8 Notice Originale page 174

Masquer les pouces Voir aussi pour PCM 8:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
OBJ_BUCH-2324-003.book Page 174 Wednesday, October 19, 2016 5:09 PM
174 | Қaзақша
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Алты қырлы бұранданы 33 жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен 24 бұрап, шпиндель бұғаттауышын 28
тірелгенше бірдей басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауын 28 басып ұстап бұранданы 33
сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
– Қысқыш фланецты 34 шешіңіз.
– Тұтқышты 3 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5
тірелгенше артқа қайырыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын осы күйде ұстап ара
дискісін 18 алып қойыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Тұтқышты 3 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5
тірелгенше артқа қайырып осы күйде ұстаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 35 орнатыңыз.
 Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
– Қысқыш фланец 34 пен бұранданы 33 орнатыңыз.
Шпиндель бұғаттауын 28 тірелгеніше басып бұранданы
сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (E суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 26 сізге түрлі жұмыс жайларына
тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға
көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында 1 аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын 26 босатыңыз.
– Тасымалдау қорғаышын 26 толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату
(тасымалдау күйі)
– Аралау үстелін 12 бұғаттау үшін құлыптау басын 9
тартып қойыңыз.
– Тұтқышқа 3 басып бір уақытта манипуляторды
қолтұтқасынан 1 төменге тасымалдау бекіткіші 26
толық ішіне басылғанша қайырыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып бұғатталған.
1 609 92A 1KT | (19.10.16)
Дайындаманы бекітіңіз (F суретін қараңыз)
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды өңдемеңіз.
– Дайындаманы 14 мен 6 тіреуіш планкаларына қарсы
басып қойыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты 27 оған арналған
тесіктерге 23 салыңыз.
– Құлақты бұранданы 36 босатып бұрандалы қысқышты
дайындамаға дұрыстаңыз. Қалақты бұрғыны берік
бекітіңіз.
– Дайындаманы бұрандалы өзекті 37 бұрап қысыңыз.
Дайындаманы босату
– Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы штифтті
37 сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Бағыт бұрышын реттеу
 Еңіс бұрышын реттеуде ешқашан
қосқыш/өшіргішке 21 тимеңіз. Егер осы арқылы
электр құрал кездейсоқ іске қосылса жарақаттану
қауіпі пайда болады.
Горизонталды еңіс бұрышын реттеу
(G суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 48° (сол жақтық) мен 48° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
– Бекіту басы 9 тартылған болса оны босатыңыз.
Осылай аралау үстелі бос жылжытылады.
– Аралау үстелін 12 бекіту басында солға немесе оңға
бұрыш көрсеткіші 10 керекті еңіс бұрышын
көрсеткенше бұраңыз.
– Бекіту басын 9 қайта тартыңыз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам және
нақты реттеу үшін аралау үстелі 12 төмендегі стандартты
бұрыштарда бұғатталады:
солда
45°
30°
22,5° 15°
– Бекіту басы 9 тартылған болса оны босатыңыз.
– Аралау үстелін 12 бекіту тетігінде солға немесе оңға
керекті стандартты еңіс бұрышы тірелгенше бұраңыз.
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу
(H1–H2 суреттерін қараңыз)
Тік қисайту бұрышын 0° мен 45° аралығында реттеу
мүмкін.
– Қысу тұтқышын 38 босатыңыз.
– Тіреуіш планканы 14 толық сыртқа тартыңыз.
– Жылжытылатын тіреуіш планканы бекіту үшін 38
қысқыш тұтқышын қайта тартыңыз.
– Қысқыш тұтқасны 15 босатыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасында 1 бұрыш көрсеткіші 29
керекті қисайту бұрышын көрсеткінше қисайтыңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап қысу тұтқасын 15
қайта бекітіңіз.
оңда
15° 22,5°
30°
45°
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières