Қауіпсіздік Нұсқаулары - Bosch GHG 660 LCD Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GHG 660 LCD Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
OBJ_BUCH-485-007.book Page 101 Thursday, June 30, 2016 3:33 PM
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіз-
дік нұсқаулықтарын және ескертпелерді
сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе
ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулық-
тары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Бұл ыстық ауа құбыры балалар-
дың, дене немесе ой қабілеттері
шектелген немесе тәжірібесі
және білімі аз адамдардың
пайдалануына арналмаған.
Осы ыстық ауа құбыры бар
бұрауышпен 8 жастан асқан
балалардың және дене, сезім
немесе ойлау қабілеттері
шектелген немесе тәжірибесі мен
білімі аз адамдардың жүйені
қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаусыз және жауапты
адамның бақылауынсыз
пайдалануы аса қауіпті. Кері
жағдайда дұрыс пайдаланбау және
жарақаттанулар қаупі пайда болады.
Балаларға абай болыңыз.
Балалардың ыстық ауа құбырымен
ойнамауына көз жеткізіңіз.
Балалардың ыстық ауа құбырын
тазалауына немесе жөндеуіне
жол бермеңіз.
 Электр құралды құнттап ұстаңыз. Электр құрал қатты
қызады, бұл өрт және жарылу қауіпін арттырады.
 Жанатын материалдарға жақын жұмыс істеген
кезде өте абай болыңыз. Ыстық ауа ағыны немесе
ыстық сопло шаң немесе газдарды жандыруы мүмкін.
 Электр құралды жарылу қауіпі бар ортада
пайдаланбаңыз.
 Ыстық ауа ағынын ұзақ уақыт бір жерге
бағыттамаңыз. Жылдам жанғыш газдар, мысалы
пластмассаны, бояуды, лактарды немесе ұқсас
материалдарды өңдеуде пайда болуы мүмкін.
 Ыстық ауа жасырын жанғыш материалдарға
бағытталып, оларды жандыру ықтималдылығын
ескеріңіз.
Bosch Power Tools
 Электр құралды пайдаланудан соң қауіпсіз жерге
қойып, ораудан алдын толық суытыңыз. Ыстық
сопло зиян келтіруі мүмкін.
 Қосулы электр құралды бақылаусыз қалдырмаңыз.
 Пайдаланылмайтын электр құралын балалардың
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл электр құралды пайдалануға жол
бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр
құралы қауіпті болады.
 Электр құралды жаңбырдан, сыздан қорғаңыз.
Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының
соғу қауіпін арттырады.
 Электр сымын орынды қолданыңыз, электр құралын
тасымалдау, асып қою немесе айырын розеткадан
шығару үшін пайдаланбаңыз. Электр сымын жоғары
температурадан, майдан, өткір қырлардан, электр
құралының қозғалмалы бөлігінен қорғаңыз.
Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
 Қорғаныш көзілдірікті әрдайым киіңіз. Қорғаныш
көзілдірік жарақаттану қаупін төмендетеді.
 Құрылғыны реттеуден, жабдықтарды алмастыру-
дан немесе электр құралды алып қоюдан алдын
айырды розеткадан тартып шығарып қойыңыз. Осы
сақтық әрекеті электр құралының байқаусызда
қосылуына жол бермейді.
 Әр пайдаланудан алдын электр құралды, кабельді
және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз
электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды
өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және
түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған
электр құрал, кабель және айыр электр тоғының соғу
қауіпін арттырады.
Жұмыс орнын жақсы желдетіңіз.
Жұмыс кезінде пайда болатын газдар мен
булар денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін.
 Қорғау қолғабын киіп, ыстық соплоға тимеңіз. Күю
қауіпі бар.
 Ыстық ауа ағынын адамдарға немесе хайуандарға
бағыттамаңыз.
 Электр құралын шаш кептіргіш ретінде пайда-
ланбаңыз. Шығатын ауа шаш кептіргіштен шығатын
ауадан өте ыстық.
 Электр құралды ылғалды ортада пайдалану қажет
болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын
пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқы-
шын пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді.
 Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдалан-
баңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалған
болса желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған
кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Қaзақша | 101
1 609 92A 2MR | (30.6.16)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières