Sony AC-110MD Instructions D'utilisation page 51

Table des Matières

Publicité

Қазақ тілі
Құрылғыны пайдаланудың алдында мына
нұсқаулықты оқыңыз жəне оны болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін
бұл құрылғыны жаңбырдың астында немесе
ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін құрылғының
корпусын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын
білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
Бұл жабдыққа өзгеріс енгізу рұқсат етілмеген.
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖЕРГЕ ҚОСУ КЕРЕК.
Бұл құрылғыда қуат қосқышы жоқ.
Желілік қуатты ажырату үшін қуат штепселін алып
тастаңыз.
Құралды орнату кезінде оңай қол жетімді
ажыратқышты бекітілген сымға жалғаңыз немесе қуат
штепселін құралдың жанындағы оңай қол жетімді
желілік розеткаға жалғаңыз.
Қуат штепселін ажырату қиын болатын жерге МЕ
жабдығын қоймаңыз.
Құрылғының жұмысы барысында ақау орын алса, қуат
жеткізуді өшіру құралын пайдаланыңыз немесе қуат
штепселін ажыратыңыз.
Абайлаңыз
Құрылғыны немесе қосымша жабдықтарды тастаған
кезде, тиісті аймақтағы немесе елдегі заңдарды жəне
тиісті ауруханадағы ережелерді орындау керек.
Абайлаңыз
Құрылғыны сұйықтық тамшылайтын немесе
шашырайтын жерге қоймаңыз. Сауыт сияқты ішіне
сұйықтық құйылған ыдыстарды құрылғының үстіне
қоюға болмайды.
Бұл белгі өндірушіні көрсетеді жəне
өндірушінің аты мен мекенжайының жанында
көрсетіледі.
Бұл белгі өндіру мерзімін көрсетеді жəне ол
өнімге жəне/немесе орамға басып
YYYY-MM
шығарылады. YYYY – жылды жəне MM –
айды көрсетеді.
Қуат көзіне қосуға қатысты ЕСКЕРТУ
Жергілікті қуат көзіне сəйкес келетін қуат кабелін
пайдаланыңыз.
1. Егер қолданылатын болса, əрбір елдің қауіпсіздік
техникасы ережелеріне сəйкес келетін рұқсат
етілген қуат кабелін (3 тарамды кабельді) / құрылғы
қосқышын / жерге қосу контактілері бар
штепсельді пайдаланыңыз.
2. Көрсетілген мəндерге (вольт, ампер) сəйкес келетін
қуат кабелін (3 тарамды кабельді) / құрылғы
қосқышын / штепсельді пайдаланыңыз.
Егер жоғарыда айтылған қуат кабелін / құрылғы
қосқышын / штепсельді пайдалану туралы
сұрақтарыңыз болса, қызмет көрсететін білікті
мамандарға хабарласыңыз.
Емдеу мекемелерінде пайдалануға арналған
маңызды сақтық шаралары/ескертулер
1. Бұл құрылғыға қосылатын барлық жабдықтар
жабдықтарға қолданылатын IEC60601-1,
IEC60950-1, IEC60065 немесе басқа IEC/ISO
стандарттарына сəйкес сертификатталуы тиіс.
2. Сонымен қатар барлық конфигурациялар
IEC60601-1-1 жүйе стандартына сəйкес болуы тиіс.
Сигнал кірісі бөлігіне немесе сигнал шығысы
бөлігіне қосымша жабдықты қосатын кісі
медициналық жүйені конфигурациялайды,
сондықтан ол жүйенің IEC60601-1-1 жүйе
стандартының талаптарына сəйкестігіне жауап
береді.
Егер сенімді болмасаңыз, білікті мамандарға
хабарласыңыз.
3. Басқа жабдыққа қосылған кезде жылыстау тогы
артуы мүмкін.
4. Нақты осы жабдық үшін, жоғарыда айтылғанға
сəйкес қосылған барлық қосымша жабдықтар
электр желісіне IEC60601-1 құрылым талаптарына
сəйкес келетін жəне кемінде негізгі изоляцияны
қамтамасыз ететін қосымша изоляциялық
трансформатор арқылы қосылуы тиіс.
5. Бұл жабдық радио жиілігіндегі энергияны өндіреді,
пайдаланады жəне шығара алады. Егер
нұсқаулыққа сəйкес орнатылмаса жəне
пайдаланылмаса, ол басқа жабдыққа кедергі
жасауы мүмкін. Егер бұл құрылғы кедергі жасаса
(оны қуат кабелін құрылғыдан ажырату арқылы
анықтауға болады), келесі шараларды қолданыңыз:
сезгіш жабдыққа байланысты құрылғының орнын
өзгертіңіз. Осы құрылғы мен сезгіш жабдықты
басқа параллель тізбекке қосыңыз.
Дилерге хабарласыңыз. (EN60601-1-2 жəне CISPR11
стандарттарына сəйкес, класс B, топ 1)
KZ
51

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières