Bosch EasyImpact 12 Notice Originale page 126

Masquer les pouces Voir aussi pour EasyImpact 12:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
126 | Қазақ
Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
u
Алмалы-салмалы аспаптарға тию жарақаттану қаупін
туындатады.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (1) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (1) төлкесін
айналу бағытымен ➋ қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
u
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды (10) шерту дыбысымен
тірелгенше және тұтқаға тығыз тиіп тұрғанша салыңыз.
Айналу бағытын орнату
Электрондық айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (7)
арқылы электр құралының айналу бағытын өзгертуге
болады. Алайда ажыратқышты (11) басқанда осы
әрекетті орындау мүмкін емес.
Айналу бағытының индикаторы (4)/(5) ажыратқыш (11)
іске қосылғанда, айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (7)
іске қосылғанда және қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда
жанады.
1 609 92A 4EV | (16.01.2019)
Оңға айналу (C суретін қараңыз)
Бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін оңға айналу бағытын орнатыңыз.
Электрондық айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (7) айналу бағытының индикаторы
(4) жанғанша төмен қарай басыңыз.
Солға айналу (D суретін қараңыз)
Бұрандалар мен гайкаларды босату немесе
бұрап шығару үшін солға айналу бағытын
орнатыңыз. Электрондық айналу бағытын
ауыстырып-қосқышты (7) айналу бағытының
индикаторы (5) жанғанша төмен қарай
басыңыз.
Айналу моментін алдын ала таңдау / жұмыс режимін
орнату
Реттегіш сақинаны (2) электр құралы тоқтап
u
тұрғанда ғана айналдырыңыз.
Реттегіш сақинаның (2) көмегімен "Мин" және "Макс"
арасындағы қажетті айналу моментін және жұмыс
режимін орнатуға болады.
Бұрау режимі
МИН...МА
Айналу моменті (МИН...МАКС) алдын ала
КС
таңдалғанда электр құралы 1-берілісте
болады.
Жұмыс режимінің индикаторында (3) "Бұрау
режимі" белгісі пайда болады. Дұрыс
орнатқанда жұмыс құралы бұранда
материалымен біртегіс бұрап бекітіле сала
немесе орнатылған айналдыру моментіне
жете сала тоқтайды.
Бұрандаларды бұрап шығару кезінде
жоғарырақ реттеуді таңдаңыз немесе
реттегіш сақинаны (2) "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау режимі
Реттегіш сақина (2) "Бұрғылау" белгісіне
орнатылғанда, электр құралы 2-берілісте
болады.
Жұмыс режимінің индикаторында (3)
"Бұрғылау режимі" белгісі пайда болады.
Осы реттеуді ағаш, металл не пластикті
бұрғылау үшін пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау режимі
Реттегіш сақина (2) "Соққымен бұрғылау"
белгісіне орнатылғанда, электр құралы 2-
берілісте болады.
Жұмыс режимінің индикаторында (3)
"Бұрғылау режимі" белгісі пайда болады.
Осы реттеуді кірпіш, бетон мен таста
соққымен бұрғылау үшін пайдаланыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (11)
басып тұрыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

02819308

Table des Matières