Bosch GAS 35 L AFC Professional Notice Originale page 147

Masquer les pouces Voir aussi pour GAS 35 L AFC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
OBJ_BUCH-1746-004.book Page 147 Friday, September 15, 2017 12:45 PM
Жинау
 Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын
розеткадан шығарыңыз.
Сору шлангі ұстағышын орнату
(А суретін қараңыз)
– Сору шлангі ұстағыштарын 5 жоғарыдан оларға
арналған патрондарға 30 олар тірелгенше
жылжытыңыз.
Сорғыш шлангты орнату (В суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангын 21 шланг қысқышына 2 салып оны
сағат тілімен тірелгенше бұраңыз.
Ескертпе: Соруда сору шлангінде және жабдықтарында
шаң үйкелісі арқылы электрикалық заряд пайда болады,
оны пайдаланушы статикалық тоқ ажыралуы арқылы сезуі
мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімдігіне
байланысты).
Жалпы ретте Bosch антистатикалық сору шлангін
(жабдық) майда шаң немесе құрғақ материалдарды
соруда пайдалануды ұсынады.
Сору жабдықтарын орнату
(C суретін қараңыз)
Сорғыш шланг 21 қысқыш жүйесімен жабдықталған,
қолмен сору керек-жарақтарын (сорғыш адаптер 20,
қисайған қондырма 22) қосуға болады.
Сору адаптерін орнату
– Сору адаптерін 20 сору шлангына 21 сору шлангының
екі басу түймешесі 31 дыбыспен тірелгенше салыңыз.
– Шешу үшін басу түймешелерін 31 ішіне басып
бөліктерін ажыратыңыз.
Бүріккіштер мен құбырларды орнату
– Қисайған қондырманы 22 сору шлангына 21 сору
шлангының екі басу түймешесі 31 дыбыспен
тірелгенше салыңыз.
– Сосын керекті сору жабдықтарын (едендік қондырма,
тесік қондырма, сору құбыры т.б.) қисайған
қондырмаға 22 салыңыз.
– Шешу үшін басу түймешелерін 31 ішіне басып
бөліктерін ажыратыңыз.
Қоқыс қабын немесе шаң қабын
салу/шешу (Құрғақ сору)
(D1–D2 суреттерін қараңыз)
Құрғақ шаңсору үшін тазалау қоқыс қабын 23 немесе шаң
қабын (керек-жарақтар) орнату керек. Осылайша шаңды
тастау жеңілдейді.
Ескертпе: Қағаздық сүзгі қабын пайдалануда автоматты
сүзгі тазалауын (AFC) өшіру миндетті, ал флизелиндық
сүзгі қабын пайдалануда оны қшіру керек ("AFC өшіру",
149 бетін қараңыз).
Тасталатын қапты орнату
– Құлыптарды 11 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
10 ашыңыз.
Bosch Power Tools
– Қоқыс қабын 23 толтыру тесігімен алға контейнерге 1
салыңыз.
– Толтыру тесігін қосу фланецінен қуысына шейін
тартыңыз.
– Қоқыс қабы 23 толығымен контейнер 1 ішкі
қабырғаларына тиюіне көз жеткізіңіз.
– Қоқыс қабының 23 қалғанын контейнер 1 шетінен
қағыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 10 орнатып
құлыптарды 11 жабыңыз.
Қоқыс қабын шешіп жабу
– Құлыптарды 11 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
10 ашыңыз.
– Толық қоқыс қабын 23 ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз.
– Қоқыс қабын 23 абайлап оны зақымдамай
шаңсорғыштан шығарыңыз.
Қоқыс қабы қосу фланеціне немесе басқа өткір заттарға
тимеуіне көз жеткізіңіз.
– Желімдеу таспасының қаптамасын шешіп қоқыс қабын
желімдеңіз.
Сосын қоқыс қабын 23 толтыру тесігінің астынан
шешілген желімдеу таспасының қаптамасымен
байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақтар)
– Құлыптарды 11 ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
10 ашыңыз.
– Толық шаң қабын ернемектік біріктіргішінен
шығарыңыз. Шаң қабының тесігін қақпағымен
жабыңыз. Жабық шаң қабын шаңсорғыштан алып
қойыңыз.
– Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне
кигізіңіз. Шаң қабының контейнер 1 ішінде толықтай
жатуына көз жеткізіңіз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін 10 орнатып
құлыптарды 11 жабыңыз.
Резеңке жиегін орнату (Ылғал шаңсору)
(E суретін қараңыз)
Ескертпе: Өткізу деңгейі талаптары (L шаң сыныпы) тек
құрғақ сору үшін негізделген.
– Қылшақты жолды 27 сәйкес аспаппен едендік
қондырмадан 28 шешіңіз.
– Резеңке жиегін 26 едендік қондырмаға 28 салыңыз.
Ескертпе: Резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа
көрсетуі керек.
L-Boxx шертіңіз (F суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш
жабдықтарын және/немесе электр құралын жай
тиімдейтін ретте сақтау үшін шаңсорғыш жоғарғы
бөлігінде L-Boxx шертіңіз.
– L-Boxx патрондарға 9 басыңыз.
 Шаңсорғышты басылған L-Boxx тұтқасынан
көтермеңіз. Шаңсорғыш ол тұтқа үшін өте ауыр.
Жарақаттану мен зақымдану қауіпі бар.
Қaзақша | 147
1 609 92A 3VZ | (15.9.17)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières