Bosch GBH 36 V-EC Compact Professional Notice Originale page 151

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
OBJ_BUCH-518-009.book Page 151 Thursday, October 6, 2016 12:58 PM
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды орнату
(F суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық
бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз
аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
бұзылады.
– Жылдам қысу патронын 18 салыңыз.
– Тез қысатын бұрғылау патронының 18 артқы гильзасын
20 берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны 19
сағат тіліне қарсы жұмыс құралын салу мүмкін
болғанша бұраңыз. Құралды салыңыз.
– Тез қысатын бұрғылау патронының 18 артқы гильзасын
ұстап алғы гильзаны сағат тілімен сартылдаған дыбыс
шыққанша қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны
автоматты түрде бекітіледі.
– Аспапты тартып бекем тұруын тексеріңіз.
Ескертпе: Аспап патроны тірелгенше ашылған болса
жабуда дыбыс естіліп аспап патроны жабық болмауы
мүмкін.
Осы жағдайда алғы төлкені 19 бір рет сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз. Сосын аспап патронын жабуға болады.
– Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын 11 "бұрғылау"
күйіне айналыдырыңыз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды шешу
(G суретін қараңыз)
– Тез қысу патронының артқы гильзасын 20 берік ұстап
тұрыңыз және алдыңғы гильзаны 19 сағат тіліне қарсы
алмалы-салмалы аспапты шешу мүмкін болғанша
бұраңыз.
Saugfix менен шаңсору (керек-жарақтар)
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Saugfix орнату (H суретін қараңыз)
Шаңсору үшін Saugfix (керек-жабдық) қажет болады.
Бұрғылау кезінде Saugfix артқа серпіледі, сол үшін Saugfix
басы әрдайым түбінде болады.
Bosch Power Tools
– Тереңдікті шектеу тірегін орнату 10 пернесін басып
тереңдікті шектеу тірегін 1 шешіңіз. 10 пернесін қайта
басып Saugfix қосымша тұтқаға 17 алдынан орнатыңыз.
– Сору шлангын (диаметрі 19 мм, керек-жабдық) Saugfix
сору саңылауына 21 қосыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Бұрғылау тереңдігін Saugfix-те реттеу (I суретін
қараңыз)
Қажетті бұрғылау тереңдігін X орнатылған Saugfix ретінде
де орнату мүмкін.
– SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus 2 аспабы
патронына тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда
SDS-plus-аспабының жылжымалылығы бұрғылау
тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
– Saugfix сору құрылғысындағы қалақты бұрғыны 25
бұрап босатыңыз.
– Электр құралды қоспастан жұмыс бетіне тұрақты етіп
орнатыңыз. SDS-plus салынбалы құралы бұл кезде
бетте орнатылған болуы керек.
– Saugfix бағыттауыш құбырын 26 кронштейнде Saugfix
басы бұрғыланатын бөлікте болатындай жылжытыңыз.
Телескоптық құбырдағы 24 шкаланың көп бөлігі көрінуі
үшін бағыттауыш құбырды 26 телескоптық құбырда 24
одан әрі жылжытпаңыз.
– Қалақты бұрғыны 25 берік бекемдеңіз. Saugfix тереңдік
шектегішіндегі қысатын бұраманы 22 бұрап алыңыз.
– Тереңдікті шектеу тірегін 23 телескоптық құбырда 24,
суретте көрсетілген қашықтық X қажет бұрғылау
тереңдігіне сәйкес болатындай жылжытыңыз.
– Қысатын бұраманы 22 берік бекемдеңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
– Реверсивті ауыстырып-қосқыш 7 орташа қуатқа реттеп
электр құралын кездейсоқ қосылуынан сақтайсыз.
– Зарядталған аккумуляторды 12 алдынан электр
құралының тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл
сызық көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше толық
тұтқаға салыңыз.
Пайдалану түрін орнату
"Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау" ауыстырып-
қосқышымен 9 электр құралының пайдалану түрін
таңдаңыз.
Ескертпе: Пайдалану түрін тек электр құралын өшіріп
өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралын зақымдау мүмкін.
Қaзақша | 151
1 609 92A 2P7 | (6.10.16)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières