Bosch GNF Professional 20 CA Notice Originale page 168

Rainureuse fraiseuse
Table des Matières

Publicité

OBJ_BUCH-126-003.book Page 168 Friday, August 19, 2016 1:30 PM
168 | Қaзақша
Жинау
Шаңсорғыш
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш шлангін 12 (жабдық) аспирациялық келте
құбырына 13 қосыңыз. Шаңсорғыш шлангін 12
шлангсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулық
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу тәсілдері берілген.
Ойық кескіш пайдалану туралы ескертулер
Жұмыс уақытында болатын шаңды шығаруды азайту үшін
келесі сақтық шараларын қолданыңыз.
– Тек Bosch ұсынған ойық кескіш пен М шаң
сыныпындағы шаңсорғыш комбинациясын
пайдаланыңыз. Басқа тіркесімдер шаңды жинаудың
нашарлауына және шаңның жиналуына әкелуі мүмкін.
– Шаңсорғыштың техникалық қызмет көрсету және
шаңсорғыш пен сүзгілерді тазалау туралы нұсқауларын
орындаңыз. Толы болса, шаңжинағыштарды бірден
тазалаңыз. Жүйелі түрде шаңсорғыштағы сүзгіні
тазалаңыз және шаңсорғышта сүзгіні әрқашан
дұрыстап орнатыңыз.
– Тек қамтамасыз етілетін Bosch сору шлангтарын
пайдаланыңыз. Сору шлангысын ашпаңыз. Егер
вакуумдық шлангқа тас сынықтары кірсе, жұмысты
бірден тоқтатыңыз және сору шлангысын тазалаңыз.
Сору шлангысының майысуларын болдырмаңыз.
– Ойық кескішін тек мақсатына сай пайдаланыңыз.
– Тек мінсіз және өткір алмалы-салмалы аспаптарды
пайдаланыңыз. Жұмыс тиімділігінің төмендеуі алмалы-
салмалы аспаптың тозғанының белгісі болады.
– Құрылыс алаңдарындағы жұмысқа қойылатын жалпы
талаптарды орындаңыз.
1 609 92A 2PP | (19.8.16)
– Жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз.
– Еркін жұмыс аймағын қамтамасыз етіңіз. Ұзақ ойықтар
кезінде шаңсорғыш еркін қозғалуы немесе уақытылы
қозғалуы керек.
– Қажет болса, есту органдарын қорғау құралдарын,
қорғағыш көзілдірікті, респираторларды, қолғапты
киіңіз. Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде
бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты
пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнын тазалау үшін сәйкес шаңсорғышты
пайдаланыңыз. Бұрылыстарда жиналған шаңды
көтермеңіз.
Алмасты кесу шеңберлерін орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Алмасты тегістеу шеңберлерін орнату мен
алмастыруда қорғауыш қолғапты кию ұсынылады.
 Асмасты тегістеу шеңберлері жұмыс істеуде
қызады, әбден суығанша оған тимеңіз.
 Алмасты тегістеу шеңберін пайдаланыңыз.
Бұнақты алмасты шеңберлер тек теріс кесу
бұрышымен бұнақ арасында 10 мм максималды
ойықтық болуы керек.
Фрезерлеу блогын төңкеру
Аспапты алмастыру үшін фрезерлеу блогын толық
төңкеру керек. Электр құралын қатты табанға қойыңыз.
Босату құлпын 2, мысалы, 21 екі тесіктік кілттің тұтқа
шетінен сағат тіліне қарсы бұрыңыз.
 Фрезерлеу блогы босатылып серіппе күшімен
бірден жоғарыға төңкереді.
Қысу құралдарын шешу (А суретін қараңыз)
Тегістеу шпинделін 9 бекіту үшін шпиндельді бекіту
түймесін басыңыз.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Қысқыш сомынды 20 21 екі тесікті кілтімен босатып 20
қысқыш сомынды бұрап шешіңіз. 19 дистанциялық
шайбасы мен 17 тірек фланецін шешіңіз.
Тегістеу шпинделін 16 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Ойық енін анықтау
Ойық енін 19 дистанциялық шайба санынан екі 18 алмас
шеңберлер арасында және алмас кесу шеңберінің кесу
енінен есептеуге болады.
Ойық енін төмендегідей есептеу мүмкін:
Ойық ені = Дистанциялық шайба қалындығы + Алмасты
кесу шеңберлердің ені.
Рұқсат етілген ойық ені „Техникалық мәліметтер"
бөлімінде көру мүмкін.
Электр құралын бір немесе екі алмас кесу шеңберімен
пайдалану мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gnf professional 35 ca06016217030601612503

Table des Matières