Пайдалану Түрлері - Bosch GSA 36 V-LI Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GSA 36 V-LI Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
OBJ_BUCH-303-006.book Page 136 Monday, June 23, 2014 9:39 AM
136 | Қaзақша
Аралау полотносын орнату/алмастыру
 Электр құралында барлық жұмыстардан алдын
аккумуляторды шығарыңыз.
 Ара полотносын орнатуда қорғаныш қолғабын
киіңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін
тудыруы мүмкін.
 Ара полотносын алмастыруда ара полотносы
патроны материал қалдықтарынан, мысалы, ағаш
немесе метал жоңқаларынан бос болуы қажет.
Ара полотносын таңдау
Тек өңделетін материалға сайкес келетін ара
полотноларын пайдаланыңыз.
Ұсынылатын аралау дискілеріне шолуды осы
нұсқаулықтың басында табуға болады. Аралау дискілерін
тек ½" әмбебап ұшты пайдаланып орнатыңыз. Ара
полотносы кесік үшін қажетті ұзындықтан артық болмауы
керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полтноларын
пайдаланыңыз.
Ара полотносын салу (В суретін қараңыз)
Аралау дискісін 1 қатты аралау дискісінің қысқышына 3
естіліп тірелгенше басыңыз. Бұғаттау гильзасы 4 осылай
шамамен 90° бұрылып аралау дискісін бұғаттайды.
Егер арадау дискісі 1 бұғатталмаса бұғаттау гильзасы 4
шамамен 90° көрсеткі бағытында ашық күйде бұғатталып
шерткі дыбысы естілгенше бұраңыз. Аралау дискісін 1
аралау дискісінің қысқышына 3 басып кіргізіңіз.
 Ара полотносы бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң
ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Белгілі жұмыстарда ара полотносын 1 180° бұрап (тістері
жоғарыда) қайта орнатуға болады.
Ара полотносын шығару (C суретін қараңыз)
 Ара полотносын шығаруда электр құралын адам
немесе үй жануарларын жарақаттамайтын күйде
ұстаңыз.
Бұғаттау гильзасын 4 шамамен 90° көрсеткі бағытында
бұраңыз. Аралау дискісі 1 тасталады.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықта-
рымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
1 609 92A 0WA | (23.6.14)
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Электр құралында барлық жұмыстардан алдын
аккумуляторды шығарыңыз.
Бұралатын тірек тақтасы (D суретін қараңыз)
Тірек тақтасы 2 жылжымалылығы себебінен тиісті беттің
бұрышына сай ретте лайықталады.
Ілгектер (E суретін қараңыз)
Ілгектердің 6 көмегімен электр құралды сатыға іліп қоюға
болады. Бұл үшін ілгектерді 6 қажет күйде бекітіңіз.
 Ілінген электр құралдың аралау дискісі кездейсоқ
тиюден қорғалған болуына назар аударыңыз.
Жарақат алу қаупі бар.
Электр құралмен қайтадан жұмыс істегіңіз келсе,
Ілгектерді 6 алыңыз.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Жүріс санының ауыстырып-қосқышын 7 орташа күйге
реттеп электр құралын кездейсоқ қосылуынан сақтайсыз.
Зарядталған аккумуляторды 10 алдынан электр құралы-
ның аяғына салыңыз. Аккумуляторды қызыл сызық көрін-
бегенше, аккумулятор бекітілгенше толық тұтқаға салыңыз.
Жүріс санын өзгерту
Жүріс санының ауыстырып-қосқышымен 7 электр
құралының жүріс санын өзгерту мүмкін. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 8 басқанда бұл мүмкін емес.
Жүріс санының ауыстырып-қосқышы 7 орта күйде:
Қосуды бұғаттау белсендірілген.
Қосқыш/өшіргіш 8 бұғатталып электр
құрал кездейсоқ қосылудан қорғалған.
Жүріс санын ауыстырып-қосқышы 7 солда:
1-басқыш, төмен жүріс саны.
Төмен жүріс саны болат, түсті метал,
қатты пластмассаны өңдеуге немесе
ағашта нәзік кесіктерді қол арамен
аралауға арналған.
Төмен жүріс саны арқылы тербелусіз
жүріс қамтамасыз етіледі.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières