Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GAS 55 M AFC Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GAS 55 M AFC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 27
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы
зауытта қосылады.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек құрылғы
қосулы болғанда қосуға/өшіруге болады.
– AFC функциясын ажырату
AFC түймесін (9) басыңыз.
Бақылау жарық диоды (38) өшеді.
– AFC функциясын іске қосу
AFC түймесін (9) басыңыз.
Бақылау жарық диоды (38) жасыл түспен жанады.
Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге
адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау
және қызмет көрсету керек. Ықтимал тәуекелдерге жол
бермеу үшін, шаңсорғышты бөлшектеу алдында тазалау
керек. Шаңсорғышты бөлшектеу жұмысы өткізілетін
бөлме жақсы желдетілуі керек. Қызмет көрсету кезінде
жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Қызмет көрсеткен соң
қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған адам
сүзгінің зақымдалуы, шаңсорғышқа ауа кірмейтіндігі
және бақылау құрылғысының жұмыс істеуі сияқты шаңға
қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет.
Ластанған ортада тұрған М класындағы
шаңсорғыштардың сыртқы жағы және барлық машина
бөліктері тазаланып, герметикпен өңделуі тиіс. Қызмет
көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде
тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл
бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні шығару/алмастыру (J1−J2
суреттерін қараңыз)
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні
жүйелі түрде тазалаңыз.
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) дереу
алмастырыңыз.
Bosch Power Tools
– Пластинаны (20) тартып, сүзгі қаптамасын (39)
ашыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) қалқасынан ұстап, оны
жоғары қарай шығарыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) шығару кезінде түсетін
шаң мен кірді ылғалды шүберекпен сүзгі
қаптамасының (39) жиегінен кетіріңіз.
ПЭС және ПТФЭ жалпақ қатпарлы сүзісін су ағынының
астында шаюға болады.
– Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні (30)
орнатып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
– Сүзгі қаптамасын (39) қайтадан жауып қойыңыз
(шерту дыбысымен тірелуі тиіс).
Контейнерді тазалаңыз
– Контейнерді (1) стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Толтыру деңгейінің датчиктерін тазалау (K суретін
қараңыз)
Толтыру деңгейінің датчиктерін (40) қажетінше
тазалаңыз.
– Құлыптарды (15) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы
бөлігін (13) шығарып алыңыз.
– Толтыру деңгейінің датчиктерін (40) жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (13) орнатып
құлыптарды (15) жабыңыз.
Сақтау мен тасымалдау
Сақтау (L суретін қараңыз)
– Желілік кабельді кабель ұстағышына (14) ораңыз.
– Керек-жарақтарды өзінің арнайы ұстағыштарына
салыңыз: сору құбырларын (35) - (22)
ұстағыштарына, тесік қондырманы (31) - (21)
ұстағышына, едендік саптаманы (34) - (24)
ұстағышына.
– Сорғыш шланг ұстағышының (4) иілімді таспасын
ашып, сорғыш шлангіні (27) шаңсорғыш жоғарғы
бөлігінің айналасынан ұстағышқа (4) салыңыз.
Иілімді таспаларды қайта іліңіз.
– L-Boxx қорабын патрондарына (11) шертіңіз.
– Шаңсорғышты құрғақ бөлмеге қойыңыз және
рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз.
– Басқару дөңгелектерін (18) бекіту үшін басқару
дөңгелектерінің тежегішін (17) төмен басыңыз.
Тасымалдау (M суретін қараңыз)
– Шаңсорғышты тасымалдау үшін тығынды (2) шланг
патронына (3) бұрап бекітіңіз.
– Шаңсорғышты тек тұтқасынан (10) ұстап
тасымалдаңыз.
– Бағыттайтын қапсырманы (12) пайдаланып,
шаңсорғышты жылжытыңыз немесе шаңсорғышты
басқыш алаңының үстінен тартыңыз.
Қазақ | 185
1 609 92A 4LZ | (19.11.2018)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 601 jc3 3serieGas 35 l afc professional

Table des Matières