Bosch GKS 12V-26 Professional Notice Originale page 168

Masquer les pouces Voir aussi pour GKS 12V-26 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
168 | Қазақ
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (6) басып, ұстап
тұрыңыз.
– Қысқыш бұранданы алты қырлы кілт (5) арқылы
айналдыру бағыты бойынша (25) ➋ бекітіңіз. Тарту
моменті 6–9 Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼
айналымға сәйкес келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Шаңды жинаудың жоғары деңгейіне жету үшін осы
электр құралымен бірге сайкес шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 класындағы сүзгіші бар респираторды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (29) бекіту бұрандасы (28) арқылы
негізгі тақтаға (7) бекітіңіз.
Сору адаптеріне (29) диаметрі 19 мм сорғыш шглангіні
жалғауға болады.
Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
u
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы
мүмкін.
Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
u
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Дұрыс тартылуы үшін сору адаптерін (29) жүйелі түрде
тазалап тұрыңыз.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангісін (30) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақ). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Электр құралында барлық жұмыстардан алдын
u
аккумуляторды шығарыңыз.
1 609 92A 4LK | (22.10.2018)
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қосқұлақты сомынды (17) босатыңыз. Кесу тереңдгі аса
терең болмауы үшін электр құрылғысын негізгі тақтадан
(7) тартып шығарыңыз, кесу тереңдігі үлкен болуы керек
болса, электр құрылғысын негізгі тақтаға (7) қарай
итеріңіз. Кесу тереңдігі шкаласының (18) қажетті
деңгейін орнатыңыз. Қосқұлақты сомынды (17) қайта
бекітіңіз.
Кесу тереңдігін орнатқан кезде, (31) анықтамалық
белгісін ((18) кесу шкаласы тереңдігі жағындағы)
пайдаланыңыз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (13) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (10) босатыңыз. Араны бұраңыз.
Қажетті өлшемді (9) шкаласында орнатыңыз. Құлақты
бұрғыны (10) қайта берік бекітіңіз.
Конус бұрышын орнатқан кезе, (27) анықтамалық
белгісін (кронштейннің үстінде) пайдаланыңыз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (18)көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
0° кесу белгісі (12) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (11) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
u
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды (1) электр құралының
төменгі жағына алдынан сырғытыңыз. Аккумуляторды
қызыл сызық көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше
толық тұтқаға салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (3) басып кейін қосқыш/өшіргішті (4) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (4)
жіберіңіз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (4)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң
ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gks 18v-57 g professionalGks 18v-57 professional

Table des Matières