Техникалық Күтім Және Қызмет; Пайдалану Нұсқаулары; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GKS 190 Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GKS 190 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
Цангалық қысқышты (24) бекемдегеннен кейін аралау
тереңдігін жеткілікті бекіте алмасаңыз, цангалық
қысқышты (24) арадан ары тартыңыз және жоғары қарай
бұрыңыз. Цангалық қысқышты (24) жіберіңіз. Бұл
әрекетті қажет кесу тереңдігін орнатқанша қайталаңыз
Бағыт бұрышын реттеу
Қатпарлы бұрандамаларды (6) және (26) босатыңыз.
Араны бұраңыз. Қажетті өлшемді (5) шкаласында
орнатыңыз. (6) мен (26) қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (25)көрсетілген саннан кем.
Аралау бұрышының белгілері
45
0
0° кесу белгісі (9) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (8) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (1) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (1)
жіберіңіз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (1)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
Bosch Power Tools
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллельді тіреуішпен аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (10) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қатпарлы бұрандаманы (7) босатып параллельді тірек
(10) шкаласын тіреу тақтасының (12) бағыттауышында
жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (9) немесе (8) кесу
45
0
белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз, "Кесу
белгілері" тарауын қараңыз. Қатпарлы бұрандаманы (7)
қайтадан берік бекітіңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып
тастаңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Қазақ | 139
1 609 92A 4LN | (19.10.2018)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières