Bosch GSB 20-2 Professional Notice Originale page 119

Masquer les pouces Voir aussi pour GSB 20-2 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
Бұрап бекіту құралдары (D суретін қараңыз)
Қондырма биталарды (13) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (14) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау патронын бөлшектеу (E суретін қараңыз)
Қосалқы тұтқаны бөлшектеп, беріліс ауыстырып-
қосқышын (7) орта күйге 1-ші мен 2-ші беріліс арасында
орнатыңыз.
Шамамен 50 мм ұзындығымен Ø 4 м болат штифтіні
шпиндель мойнының ойығына салып бұрғы шпинделін
бекітіңіз. Ішкі алты қырлы гайка кілтін (15) қысқа
тұтқамен алға, тез қысатын бұрғылау патронына (1)
қысыңыз.
Электр құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа
қойыңыз. Электр құралын нық ұстап тұрып, тез қысатын
бұрғылау патронын (1) ішкі алты қырлы гайка кілтін (15)
айналу бағытымен ➊ бұрау арқылы босатыңыз. Берік
орнатылған тез қысатын бұрғылау патроны азғантай
соққымен ішкі алты қырлы гайка кілтінің (15) ұзын
ілгегінде босатылады. Алты қырлы дөңгелек кілтті тез
қысатын бұрғылау патронынан шығарып, тез қысатын
бұрғылау патронын толық бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (F суретін қараңыз)
Тез қысатын/тәждік бұрғылау патронын орнату кері
әдісте орындалады.
Бұрғылау патронын орнатудан соң болат штифтын
u
ойықтан қайта шығарыңыз.
Бұрғылау патронын шамамен 50–55 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (G суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) тек
u
электр құралы тоқтаған соң іске қосыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (3) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) сол
жақта төмен жылжытып, оң жақта жоғары қарай бір
уақытта жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (3) сол жақта жоғары қарай
жылжытып, оң жақта төмен қарай бір уақытта
жылжытыңыз.
Пайдалану түрін орнату
Бұрғылау және бұрап кіргізу
Ауыстырып-қосқышты (2) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Перфоратормен жұмыс істеу
Ауыстырып-қосқышты (2) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (2) тіреліп, қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Берілістің механикалық таңдалуы
Беріліс ауыстырып-қосқышын (7) электр құрал
u
баяу істеп тұрғанда пайдалануға болады. Алайда
мұны жұмыссыз күйде, толық жүктеме немесе
максималды айналымдар санында орындау
мүмкін емес.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (7) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау
диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу
үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (7) тірелгенше бұралмаса,
редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.
Қазақ | 119
1 609 92A 4L0 | (16.08.2018)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières