4-қадам
5-қадам
6-қадам
6.3
Ажарлау
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Қозғалып тұрған абразивті таспаға тию жараларға және кесіктерге апарып
соғуы мүмкін.
▶ Қозғалып тұрған абразивті таспаға тимеңіз.
Абразивті таспада көрсетілген айналу жиілігінен асырмаңыз.
Өңделетін дайындаманы мықтап қысыңыз.
1. Таспалы егеуді жұмыс бетінен көтеріңіз.
2. Өнімді қосыңыз. → Бет 275
▶ Өнім енді үздіксіз жұмыс режимінде істеп тұр.
3. Айналу жиілігін реттеңіз. → Бет 275
4. Таспалы егеуді абразивті таспамен дайындамаға қойып, алға/артқа жылжытыңыз.
5. Абразивті таспаның тартылатын жағында жұмыс істеңіз.
6. Орташа қысыммен жұмыс істеңіз және абразивті таспаны материалға итермеңіз. Басу қысымы тым
жоғары болған жағдайда, абразивті таспа қыспа роликтен сырғып қалуы мүмкін.
6.4
Өшіру
▶ Қосқыш/ажыратқыштың артқы бөлігін басыңыз.
▶ Қосқыш/ажыратқыш өшірулі күйіне орнатылып, қозғалтқыш тоқтатылады.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
•
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
•
Бар болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
•
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
•
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
•
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
•
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
276
Қазақ
7,0 м/с
8,0 м/с
9,5 м/с
2327539
*2327539*