Bosch Professional GKS 18V-57 G Notice Originale page 182

Masquer les pouces Voir aussi pour Professional GKS 18V-57 G:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
182 | Қазақ
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
GKS 18V-57 G:
FSN бағыттауыш шиналар жүйесін пайдалану кезінде
электр құралының қисаю кесігі бағыттауыш шинаның
бекіткішінде қалуы мүмкін.
Бағыттауыш шинамен
(10)
тікбұрышты кесік және 45°
кесік жасаған кезде тек
қана (10) кесік белгісін
қолданыңыз.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (19) электр құралының
төменгі жағына алдынан сырғытыңыз. Аккумуляторды
қызыл сызық көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше
толық тұтқаға салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (1) басып кейін қосқыш/өшіргішті (18) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (18)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (18)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң
ара полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
1 609 92A 7SZ | (18.05.2022)
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллель тірекпен аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (12) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Көмек тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Бағыттауыш шинамен аралау (G суретін қараңыз)
Бағыттауыш шина (34) көмегімен тік кесіктерді
орындауға болады.
Нұсқау: бағыттауыш шинаны (34) тек тікбұрышты
кесіктер үшін пайдаланыңыз. Қисық кесіктер жасағанда
бағыттауыш шинаға (34) зақым келтіруіңіз мүмкін.
Тұтқыр бағыттауыш шина сырғануының алдын алып,
дайындама бетін қорғайды. Бағыттауыш шина қаптамасы
электр құралының оңай жылжуына мүмкіндік береді.
Дискілі араны тікелей бағыттауыш шинаға (34)
орнатыңыз. Бағыттауыш шинаны (34) арнайы кергіш
құрылғылармен, мысалы, қысқаштың көмегімен
бағыттауыш шинаның (34) жіңішке жағы ара дискісіне
қарап тұратындай етіп дайындамаға бекітіңіз.
Бағыттауыш шина (34) араланатын дайындама
шетінен шықпауы тиіс.
Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай
қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Жалғағыш бөліктің (36) көмегімен екі бағыттауыш
шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау
бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге
асырылады.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Professional gks 18v-57

Table des Matières