Bosch Professional GKS 18V-57 G Notice Originale page 176

Masquer les pouces Voir aussi pour Professional GKS 18V-57 G:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
176 | Қазақ
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
u
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
u
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
u
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
u
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
u
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
u
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Батарея құралын пайдалану және күту
Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта
u
зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай
зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт
қауіпіне адып келуі мүмкін.
Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған
u
батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген
басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен
өрт қауіпіне алып келеді.
Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны
u
түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа
кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір
терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін.
Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып
келуі мүмкін.
Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық
u
ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз,
сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе
1 609 92A 7SZ | (18.05.2022)
дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан
сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.
Зақымдалған немесе өзгертілген батарея
u
жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе
жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге
алып келуі мүмкін.
Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе
u
қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары
температураларда жарылыс болуы мүмкін.
Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея
u
жинағын нұсқауларда белгіленген температура
ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс
емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс
температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт
қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
u
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан
u
пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші
немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы
арқылы орындалуы мүмкін.
Фрезерлік-кесу станогымен жұмыс кезіндегі
қауіпсіздік
Кесу әдістері
Қауіпті: Қолдарыңызды кесу аймағы мен
u
жүзден алыс ұстаңыз. Екінші қолды қосымша
тұтқада немесе мотор корпусына қойыңыз. Егер екі
қолмен араны ұстасаңыз, олар кесілмейді.
Дайындама астына тимеңіз. Қорғағыш сізді
u
дайындама астында жүзден сақтай алмайды.
Кесу тереңдігін дайындама қалыңдығына
u
сәйкестендіріңіз. Дайындама астында ара тістерінің
жартысынан кемі көрінісі керек.
Дайындаманы қолмен ұстап немесе аяқтан өткізіп
u
кеспеңіз. Дайындаманы тұрақты платформаға
бекітіңіз. Жұмысты дұрыс қолдау денеге әсерді, жүз
қажалуын немесе бақылау жоғалтуды минималдау
үшін маңызды болады.
Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдарға тиюі
u
мүмкін әрекеттерді жасаған кезде кесу аспабын
оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Істеп тұрған
сымға тию электр шығып тұрған құралының метал
бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
Кескен кезде әрдайым бағыттауыш планка немесе
u
бұрыштық тіреуішті пайдаланыңыз. Бұл кесіктің
дәлдігін жақсартып жүз тығылып қалуының қауібін
кемейтеді.
Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және
u
өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Professional gks 18v-57

Table des Matières