Ақаулықтарды Жою - Metabo WEA 11-125 Quick Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour WEA 11-125 Quick:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
kk
ҚАЗАҚША
«Бекітілмейтін ажыратқышы» бар аспаптар
(қауіпсіз тоқтату функциясымен):
Қосу: бекітілмейтін ажыратқышты (11) көрсеткі
бағытымен жылжытып, бекітілмейтін
ажыратқышты (11) басыңыз.
Өшіру: бекітілмейтін ажыратқышты (11)
жіберіңіз.
W...RT белгісі бар аспаптар:
Қысқа мерзімге қосу (қауіпсіз тоқтату
функциясымен)
I
Қосу: батырма ауыстырып-қосқышты (9) алға
қарай жылжытыңыз да, содан кейін
батырма ауыстырып-қосқышты (9)
жоғары қарай басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып-қосқышты (9)
жіберіңіз.
W...RT белгісі бар аспаптар:
Үздіксіз жұмыс режимі (жабдықталуға
байланысты)
I
Қосу: аспапты жоғарыда сипатталғандай
қосыңыз. Енді батырма ауыстырып-
қосқышты (9) тағы бір рет алға жылжытып
және алдыңғы жақ күйінде жіберіп,
батырма ауыстырып-қосқышты (9)
бекітіңіз (үздіксіз жұмыс режимі).
Өшіру: батырма ауыстырып-қосқышты (9)
жоғары қарай басып жіберіңіз.
8.3
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Ажарлау және егеуқұм қағазымен ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың
беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет
бойынша алға-артқа жылжытыңыз.
Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз.
Абразивті кесу:
Абразивті кесу кезінде әрдайым
қарама-қарсы бағытпен (суретті
қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері
жағдайда аспап кесіктен кенет
секіріп шығуы мүмкін. Орташа,
өңделетін материалға жарамды беріліспен
жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және
теңселтуге болмайды.
130
I
10
11
0
9
0
9
0
Сым қылшақтармен жұмыс істеу:
Аспапты орташа күшпен қысыңыз.
8.4
Редуктор корпусын бұрау
3-беттегі E суретін қараңыз.
- Қуат ашасын тартып шығарыңыз.
- Иінтіректің (17) бекіткіш бұрандасын (a) бұрап
шығарыңыз. Бұранда мен иінтіректі (табақ
бөлігімен бірге) шығарып алыңыз да, ары
қойыңыз.
- Редуктор корпусының 4 бұрандасын (b) бұрап
шығарыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Редуктор
корпусын суырып шығармаңыз!
- Редуктор корпусын тарту әрекетінсіз қажетті
күйге бұраңыз.
- Редуктор корпусының 4 бұрандасын (b) бар
ирек ойма жіптеріне бұрап кіргізіңіз! Тарту
моменті = 3,0 Нм +/- 0,3 Нм.
- Иінтіректі өз орнына басып тұратын серіппені
бүйірге жылжытып, иінтіректі (17) (табақ
бөлігімен бірге) қайта орнатыңыз және
бекіткіш бұрандамен (a) бұрап бекітіңіз. Тарту
моменті = 5,0 Нм +/- 0,5 Нм. Иінтіректің дұрыс
қызмет етіп тұрғанын тексеріңіз: ол серіппе
керілісінің астында болуы тиіс.
9. Тазалау
Жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде
материал бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл
электрлік құралдың суытылуын нашарлатады.
Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың
қорғайтын оқшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен
артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі
түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ
ауамен үрлеп тазартыңыз. Бұл әрекеттің
алдында электрлік құралды қуат көзінен
ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен
респираторды киіп алыңыз.
10. Ақаулықтарды жою
VTC, TC, VC электроникасы бар аспаптар:
Электрондық сигналдық индикатор (7)
жанып, жүктеме астындағы айналу
жиілігі төмендейді (W...RT үлгісінде
емес). Аспапқа түскен жүктеме тым жоғары!
Аспапты электрондық сигналдық индикатор
сөнгенше бос жүріс күйінде жұмыс істетіңіз.
Аспап жұмыс істемей тұр.Электрондық
сигналдық индикатор (7)
(жабдықталуға байланысты)
жыпылықтайды. Қайта іске қосылудан
қорғаныс іске қосылды. Аспаптың қосулы
күйінде желілік аша розеткаға салынған немесе
электр қуатымен жабдықтау үзілгеннен кейін
қалпына келген жағдайда, аспап іске
қосылмайды. Аспапты өшіріп қайта қосыңыз.

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières