Bosch GIS 1000 C Professional Notice Originale page 252

Masquer les pouces Voir aussi pour GIS 1000 C Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 30
252 | Қазақ
жақ функциялық түймені (10) басыңыз.
Таңдалған реттеулер жадқа сақталады.
– Кез келген мәзірден шығу және
стандартты индикатор экранына қайтып
оралу үшін өлшеу түймесін (4) басуға
болады. Түйме бір рет басылғанда,
таңдалған реттеулер жадқа сақталады,
алайда ешқандай өлшеу әрекеті іске
қосылмайды.
Өлшеу ішкі мәзірі
<Шағылысу> (t)
Ең жиі өлшенетін материалдар үшін жадта бірнеше
эмиссия дәрежесі қолжетімді. Іздеуді жеңілдету үшін
мәндер эмиссия дәрежелерінің каталогінде топтарға
біріктірілген. <Материал> мәзір тармағында алдымен
жарамды санатты, ал содан кейін жарамды материалды
таңдаңыз. Тиісті эмиссия дәрежесі төмендегі жолақта
көрсетіледі. Егер өлшеу нысанынын дәл эмиссия
дәрежесін білсеңіз, оны <Шағылысу> мәзір тармағында
сандық мән ретінде де реттеуге болады.
Егер бірдей материалдарды жиі өлшейтін болсаңыз,
5 эмиссия дәрежесін таңдаулы ретінде сақтауға және
оларды ең жоғарғы панель арқылы (1 және 5 аралығында
нөмірленген) жылдам шақыруға болады.
<Шағылысқан темп.> (t)
Осы параметрдің реттелуі өлшеу нәтижесін әсіресе
эмиссия дәрежесі төмен болатын материалдарда (=
жоғары шағылысу) жақсарта алады. Кейбір жағдайларда
(әсіресе іште) шағылысқан температура қоршаған орта
температурасына сәйкес келеді. Егер температурасы
қатты ығысып тұрған нысандар қатты шағылысатын
нысандардың жанында тұрып, өлшеуге әсер ете алса,
осы мәнді бейімдеу қажет болады.
<Құрылғы> ішкі мәзірі
<Бас мәзір> мәзірін шақырып, <Құрылғы> ішкі мәзірін
таңдаңыз. Ол төмендегі мәзір тармақтарын қамтиды.
<Тіл>
<Тіл> мәзірінде барлық индикаторлардың тілін таңдауға
болады.
<Уақыт пен күн>
(a) индикаторында күн мен уақытты өзгерту үшін <Уақыт
пен күн> ішкі мәзірін шақырыңыз. Осы ішкі мәзірде,
сондай-ақ уақыт пен күн пішімін өзгертуге болады.
<Уақыт пен күн> ішкі мәзірінен шығу үшін сол жақ
функциялық түймені (17) басу арқылы реттеулерді
сақтаңыз немесе оң жақ функциялық түймені (10) басу
арқылы өзгерістерден бас тартыңыз.
<Бірлік>
<Бірлік> мәзірінде температура деректерін <°C> немесе
<°F> пішімінде көрсетуге болады.
1 609 92A 4X3 | (03.11.2020)
<Лазер>
<Лазер> мәзірінде өлшеу құралының лазерін қосуға
немесе өшіруге болады. Лазер өлшеу ауданын шектеу
үшін қолданылады және сондықтан тек ерекше
жағдайларда өшірілуі тиіс.
<Өлшеу жиектемесі>
<Өлшеу жиектемесі> мәзірінде дислпейдегі өлшеу
жиектемесін (b) қосуға немесе өшіруге болады.
<Түстік схема>
<Түстік схема> мәзірінде температура мәндері мен
дисплейдегі басқа да индикаторлар қандай түспен
көрсетілетінін таңдауға болады. Реттеу сақталған
экрандық фотосуреттерге де қолданылады.
<Өшіру уақыты>
<Өшіру уақыты> мәзірінде ешбір түйме басылмаған
жағдайда өлшеу құралы автоматты түрде өшетін уақыт
аралығын таңдауға болады. Автоматты түрде өшіруді
<Ешқашан> реттеуін таңдау арқылы ажыратуға да
болады. Өшіру уақыты неғұрлым қысқа болып реттелсе,
соғұрлым көп энергияны үнемдеуге болады.
<Жарықтық ұзақтығы>
<Жарықтық ұзақтығы> мәзірінде өлшеу құралындағы
ешбір түйме басылмаған жағдайда дисплей жарығының
жарықтығы азаятын уақыт аралығын таңдауға болады.
<Әрдайым> реттеуін таңдау арқылы дисплейді үздіксіз
жарықтандыруға да болады. Жарықтық ұзақтығы
неғұрлым қысқа болып реттелсе, соғұрлым көп
энергияны үнемдеуге болады.
<Дауыс сигналдары>
<Дауыс сигналдары> мәзірінде беткі температура
дабылы кезінде берілетін дыбыстық сигналды қосуға
немесе өшіруге болады.
<Барлық суреттерді өшіру>
<Барлық суреттерді өшіру> мәзірінде ішкі жадта
сақталған барлық файлдарды бір уақытта жоюға болады.
Ішкі мәзірге кіру үшін <қосымша> параметріне арналған
оң жақ көрсеткі түймесін (11) басыңыз. Содан кейін
барлық файлдарды жою үшін оң жақ функциялық түймені
(10) немесе әрекетті тоқтату үшін сол жақ функциялық
түймені (17) басыңыз.
<Құрылғы туралы ақпарат>
Өлшеу құралы туралы ақпарат алу үшін <Құрылғы
туралы ақпарат> ішкі мәзірін шақырыңыз. Бұл жерде
өлшеу құралының сериялық нөмірін және орнатылған
бағдарламалық жасақтама нұсқасын табасыз.
<Әдепкі реттеулер>
Бұл мәзір тармағында өлшеу құралын әдепкі реттеулерге
қайтаруға және барлық деректерді біржолата өшіруге
болады. Бұл кейбір жағдайларда бірнеше минутқа
созылуы мүмкін. Ішкі мәзірге кіру үшін <қосымша>
параметріне арналған оң жақ көрсеткі түймесін (11)
басыңыз. Содан кейін барлық файлдарды жою үшін оң
жақ функциялық түймені (10) немесе әрекетті тоқтату
үшін сол жақ функциялық түймені (17) басыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières