Бастапқы жұптастырудан кейін Bluetooth сымсыз
технологиясы қосылып, ауқым шегінде болған
кезде құрылғылардың көбісі құралдарға автоматты
түрде қосылады. Анықталу үшін пресс құралдары
құрылғыдан 33 футтан (10 м) кем қашықтықта
болуы қажет. Құрал және құрылғы арасындағы
кедергі жұмыс істеу ауқымын азайтуы мүмкін.
4. Бағдарламаның тиісті пайдалану нұсқауларын
орындаңыз. Сондай-ақ, бағдарлама құрал
айналымдарын бақылау мүмкіндігін береді.
5. Пресс құралы ӨШІРІЛГЕН кезде деректерді
сымсыз
тасымалдау
аккумуляторының қуатын үнемдеу үшін Blue-
tooth сымсыз құрылғысын ӨШІРІҢІЗ.
Суық ауа-райында пайдалану
Температура төмендеген кезде гидравликалық
сұйықтық қоюланады және аккумулятор өнімділігі
нашарлайды. Орынсыз пайдалану қаупін азайту
үшін, RP 240 және RP 241 құрал күйінің шамдары
көрсететін белгіленген температура ауқымынан
тыс істемейді (5-сурет).
Қоршаған орта жағдайлары белгіленген температура
ауқымынан тыс болған кезде құрал мен
аккумуляторларды пайдалануға дайын болғанша
желдетілетін орында сақтаңыз.
Сақтау
Аккумуляторды құралдан алып тастаңыз. Құралды
және аккумуляторды сауытында сақтаңыз.
Шектен тыс төмен және жоғары температурада
сақтамаңыз. Егер құрал белгіленген ауқымнан тыс
болса, құрал ҚОСЫЛМАЙДЫ. Бұны құрал күйінің
шамдары көрсетеді (5-суретті қараңыз).
ЕСКЕРТУ
Құралды балалардың қолы
жетпейтін және пресс құралдарымен таныс
емес адамдардан алшақ, құрғақ, бекітілген,
құлыптаулы аумақта сақтаңыз. Құрал оқудан
өтпеген пайдаланушылар қолданған жағдайда
қауіпті болады.
999-995-106.09_REV. D
Техникалық қызмет
көрсету
Қызмет көрсетуді орындау немесе реттеу
жасау алдында аккумулятордың құралдан
алынып тасталғанына көз жеткізіңіз.
Тазалау және майлау
ӨШЕДІ.
Құрылғы
RIDGID тәуелсіз қызмет көрсету
орталығындағы міндетті қызмет
көрсету
Тиісті жұмысын қамтамасыз ету үшін RP 240 және
RP 241 пресс құралдарына қызмет көрсетуді
RIDGID тәуелсіз қызмет көрсету орталығы
белгілеген аралықтарда жүргізу керек. Бұны құрал
күйінің шамы көрсетеді (5-суретті қараңыз).
RP 240/RP 241 пресс құралдары
ЕСКЕРТУ
1. Құралды күнде таза құрғақ шүберекпен
сүртіп шығыңыз.
2. Саптаманы бекіту істікшесін тексеріңіз және
қажет болған кезде істікшені силикон жақпа
маймен майлаңыз.
3. Әр пайдаланған кезде саптамалардағы қайтымды
серіппелерді тексеріңіз. Саптамалар саусақтың сәл
қимылымен еркін ашылуы және жабылуы керек.
357