Bosch GIC 120 Professional Notice Originale page 67

Masquer les pouces Voir aussi pour GIC 120 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
Бастапқы нүктесі бар Compass View (Up-Indicator)
(D суретін қараңыз)
Ақ-қара түймені (3) ұзақ басқанда, Compass
View қолданбасы (e) ашылады. Сары түсті бастапқы
нүкте (Up-Indicator) кескіннің қай жерінде физикалық
тұрғыдан жоғарғы жақ орналасқанын көрсетеді.
Нұсқау: айна (18) монтаждалған және/немесе камера
кабелі (7) тігінен тураланған жағдайдағы шектеулі
функция
Күй панелі
Күй панелі (a) түймені әр басқаннан кейін шамамен 2
секундқа дисплейде пайда болады. Ол төмендегін
білдіреді:
– реттелген үлкейту (b)
– реттелген жарықтық (c)
– батареялардың заряд деңгейі (d)
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Тексерілетін қоршаған ортаны қарап шығып, әсіресе
кедергілерге немесе қауіпті жерлерге назар аударыңыз.
Камера кабелін (7), камера бастиегі тексерілетін ортаға
бағытталатындай, бүктеңіз. Камера кабелін абайлап
енгізіңіз.
Камера шамының (9) жарықтығын, кескін жақсы
анықталатындай, реттеңіз. Мысалы, қатты шағылысатын
заттарды тексергенде, төменірек жарықта жақсырақ
кескін пайда болады.
Егер тексеріліп жатқан заттардың айқындығы дұрыс
болмаса, камера бастиегі (8) мен заттың аралығын
ұзартыңыз немесе қысқартыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Қол құрылғысын (1) суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Тексеру камерасын әрдайым таза ұстаңыз. Денсаулыққа
зиянды заттарды қамтитын аймақтарда жұмыс істегеннен
кейін тексеру камерасы мен барлық көмекші құралдарды
мұқият тазалап шығыңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Әсіресе камера объективін (10) жүйелі түрде тазалап
тұрыңыз және қылшықтарға назар аударыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
Bosch Power Tools
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Кәдеге жарату
Тексеру камерасын, керек-жарақтар мен орауыштарды
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату
орнына жіберу қажет.
Тексеру камерасын және батареяларды
тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
2012/19/EU еуропалық директивасы бойынша істен
шыққан тексеру камераларын және 2006/66/EC
еуропалық директивасы бойынша ақаулы немесе ескі
аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинау және
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеу орнына
тапсыру қажет.
Қазақ | 67
1 609 92A 63C | (04.11.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières