Bosch GLM 100 C Professional Notice Originale page 232

Masquer les pouces Voir aussi pour GLM 100 C Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 32
OBJ_BUCH-1956-002.book Page 232 Monday, July 1, 2013 11:28 AM
232 | Қaзақша
ғана пайдалану мүмкін (мысалы өлшеу көлемі тізімінің
жазуын тексеру үшін, есептеуді орындау үшін т.б.).
Аккумуляторды зарядтаңыз.
Зарядтау әдісі зарядтау құралының желі айыры розетқаға
салынып зарядтау айыры 23 науасына 15 салынғаннан
соң басталады.
Аккумулятор зарядтау күйі индикаторы g зарядтау дамуын
көрсетеді. Зарядтау күйінде сегменттер дәйекті түрде
жыпылықтайды. Аккумулятор зарядтау күйі
индикаторының g сегменттері көрсетілсе аккумулятор
толық зарядталады.
Ұзақ уақыт пайдаланбаса зарядтау құралын тоқ желісінен
ажыратыңыз.
Қосымша аккумуляторды USB портында да зарядтауға
болады. Ол үшін өлшеу құралын микро USB кабелімен
USB портына қосыңыз. USB пайдалануда (зарядтау,
деректерді тасымалдау) зарядтау уақыты n тыс ұзақ болуы
мүмкін.
Өлшеу құралын зарядтау кезінде пайдалану мүмкін емес.
Тек USB байланысы мен қолжетімді бағдарламалық
жасақтамамен бірге пайдалану қажет.
Bluetooth® зарядтау кезінде өшеді. Басқа құралдармен
бар байланыстар тоқтайды. Бұл жағдайда деректер
жоғалуы мүмкін.
 Зарядтау құралын сыздан сақтаңыз!
Өлшеу құралындағы аккумуляторды оңтайлы
пайдалану туралы нұсқаулар
Өлшеу құралын тек рұқсат етілген температура аймағында
сақтаңыз, „Техникалық мәліметтер" қараңыз. Өлшеу
құралын жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
 Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
сәулелерінен сақтаңыз.
 Өлшеу құралына айрықша температура немесе
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температура тербелулері жағдайында алдымен өлшеу
құралын температурасын дұрыстап соң пайдаланыңыз.
Айрықша температура немесе температура
тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі
төменделуі мүмкін.
 Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін электр
құралының жұмысын жалғастырудан алдын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек („Дәлдікті тексеру мен
2 609 141 026 | (1.7.13)
көлбеуді өлшеуді калибрлеу" мен „Қашықтықты
өлшеудің дәлдігін тексеру", 237 бетін қараңыз).
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін төмендегі мүмкіндіктер бар:
– Қосу-өшіру 4 түймесіне басыңыз: өлшеу құралы
қосылып ұзындық өлшеу функциясында болады. Лазер
қосылмайды.
– Өлшеу түймесін басыңыз 2: өлшеу құралы мен лазер
қосылады. Өлшеу құралы ұзындық өлшеу
функциясында тұрады. Өлшеу шинасында 27 өлшеу
құралы орнатылған болса көлбеуді өлшеу функциясы
белсенді болады.
 Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймесіне 4 ұзақ
уақыт басыңыз.
Егер шам. 5 мин соң өлшеу құралында ешбір түйме
басылмаса, өлшеу құралы батерея зарядын сақтау үшін
автоматты өшеді.
„Көлбеуді өлшеу" пайдалану түрінде шам. 5 мин бұрыш
өзгермейді, сосын өлшеу құралы батарея/аккумулятор
зарядын сақтау үшін автоматты ретте өшеді.
Автоматты өшуде сақталған көлемдердің барлығы
сақталады.
Өлшеу әдісі
Өлшеу 2 түймесін басып қосудан соң өлшеу құралы
әрдайым ұзындықты өлшеу немесе көлбеуді өлшеуде
болады, өлшеу құралы 27 өлшеу шинасында орнатылған
болса. Басқа өлшеу функцияларын функциялық түймені
басып реттеу мүмкін („Өлшеу функциялары", 233 бетін
қараңыз).
Өлшеудің негізгі жазықтығы қосудан соң өлшеу
құралының артқы қыры таңдалады. Негізгі жазықтық 10
түймесін басып негізгі түймені өзгерту мүмкін („Негізгі
жазықтықты таңдау", 233 бетін қараңыз).
Өлшеу құралын таңдалған негізгі жазықтықпен керекті
өлшеуді бастау нүктесіне қойыңыз (мысалы қабырға).
Лазер сәулесін қосудан соң өлшеу 2 түймесін қысқа
басыңыз.
 Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Лазер сәулесімен өлшенетін аймақты белгілеңіз. Өлшеуді
бастау үшін өлшеу түймесіне 2 қайта қысқа басыңыз.
Қосулы үздіксіз лазер сәулесі жағдайында өлшеу өлшеу 2
түймесін алғашқы рет басқанда басталады. Үздіксіз өлшеу
функциясында өлшеу функция қосылғаннан соң
басталады.
Өлшеу көлемі әдетте 0,5 сек пен ең ұзағы 4 сек ішінде
пайда болады. Өлшеу ұзақтығы қашықтықтан, жарықтық
жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне
байланысты. Өлшеу аяқталуы сигналдық дыбыс арқылы
көрсетіледі. Өлшеуді аяқтағаннан соң лазер сәулесі
автоматты ретте өшеді.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières