Bosch GDB 350 WE Professional Notice Originale page 109

Masquer les pouces Voir aussi pour GDB 350 WE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 15
OBJ_BUCH-2203-002.book Page 109 Tuesday, May 12, 2015 9:22 AM
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Алмасты бұрғылайтын білдектер үшін
қауіпсіздік нұсқаулары
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз.
Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы
керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде
зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар
пайдалануына жол бермейсіз.
 Тұтқаларды құрғақ, таза және майсыз жағдайда
ұстаңыз. Май тұтқалар сырғақ болып бақылау
жоғалтуына алып келеді.
 Электр құралды зақымдалған кабельмен
пайдаланбаңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде
зақымдалған болса желі айырын шығарыңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
 Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған
кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті
сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Bosch Power Tools
 Сырғанбайтын аяқ киімін киіңіз. Осылай тегіс
аудандарда сырғанау себебінен пайда болатын
жарақаттанулардың алдын аласыз.
 Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын
пайдаланыңыз.
 Пайдаланған бұрғылау түреуі мен пайдаланған
керек-жарақтар үшін қауіпсіздік пен пайдалану
нұсқауларын мұқият орындау керек!
 Электр құралын тиісті тәртіппен жерге қосылған тоқ
желісіне қосыңыз. Розетка мен ұзартқышта жұмыс
істейтін қорғайтын сым болуы қажет.
 Электр құралды тек қорғау өткізгіші бар және
өлшемі жетерлік тоқ желілерінде пайдалану
мүмкін.
 Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан
қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы
аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Электр құралды ешқашан жинақтағы авария
тоғынан қорғау өшіргішісіз (PRCD) пайдаланбаңыз.
 Жұмыс істеуден алдын авария тоғынан қорғау
өшіргішісі (PRCD) тіисті ретте жұмыс істеуін
тексеріңіз. Зақымдалған авария тоғынан қорғау
өшіргішісін (PRCD) Bosch клиенттеге қызмет
көрсету орталығында жөндетіңіз немесе
алмастырыңызn.
 Жұмыс аймағындағы адамдар немече электр
құралы ағатын суге тимеуіне көз жеткізіңіз.
Бас жоғарысында шайып
бұрғылауда шығатын
суды ұстау керек. Ол үшін
электр құралды бұрғылау
тіреуіне орнатып, су жинау
сақинасын орнатыңыз
(„Қосымша
бөлшектер/Қосалқы
бөлшектер", 112 бетінде
қараңыз).
 Су өткізетін шлангтар, жалғау бөліктері және су
жинау сақинасы (жабдық) күйінің дұрыс болуын
тексеріңіз. Зақымдалған немесе тозған
бөлшектерді пайдаланудан алдын алмастырыңыз.
Электр құралының бөлшектерінен су шығу тоқ соғу
қауіпін арттырады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Қaзақша | 109
1 609 92A 1A4 | (12.5.15)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gcr 350 professional

Table des Matières