Bosch GKS Professional 18V-68 GC Notice Originale page 232

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
232 | Қазақ
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллель тірекпен аралау (F суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (11) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Параллель тіректің (11) бағыттауыш бағанын тірек
тақтасындағы (13) бағыттауыш арқылы өткізіп
жылжытыңыз. Параллель тіректі (11) құлақты
бұрандамен (6) бекітіңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (G суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Бағыттауыш шинамен аралау (H – I суреттерін
қараңыз)
GKS 18V-68 GC
Бағыттауыш шина (41) көмегімен тік кесіктерді
орындауға болады.
Тұтқыр бағыттауыш шина сырғануының алдын алып,
дайындама бетін қорғайды. Бағыттауыш шина қаптамасы
электр құралының оңай жылжуына мүмкіндік береді.
Дискілі араны тікелей бағыттауыш шинаға (41)
орнатыңыз. Бағыттауыш шинаны (41) арнайы кергіш
құрылғылармен, мысалы, қысқаштың көмегімен
бағыттауыш шинаның (41) жіңішке жағы ара дискісіне
қарап тұратындай етіп дайындамаға бекітіңіз.
Бағыттауыш шина (41) араланатын дайындама
шетінен шықпауы тиіс.
Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай
қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Жалғағыш бөліктің (43) көмегімен екі бағыттауыш
шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау
бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге
асырылады.
(44) ойығы Bosch және Mafell ұсынған бағыттауыш шина
жүйелеріне арналған.
(45) ойығы Festool және Makita ұсынған бағыттауыш
шина жүйелеріне арналған.
1 609 92A 5FB | (24.02.2020)
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып
тастаңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières