Bosch GKS Professional 18V-68 GC Notice Originale page 229

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (B суретін
қараңыз)
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырды (18) еркін
бұрауға болады.
Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (18) диаметрі
35 мм болатын сорғыш шлангіні немесе шаң/жоңқа
жинағыш қорапты (32) жалғауға болады.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін жоңқаны
шығаруға арналған келте құбырды (18) жүйелі түрде
тазалап тұру қажет.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангіні (42) шаңсорғышқа (керек-жарақ)
жалғаңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Пайдалану түрлері
Электр құралында барлық жұмыстардан алдын
u
аккумуляторды шығарыңыз.
Кесік тереңдігін реттеу (D–E суреттерін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
GKS 18V-68 GC
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған түйменің
(22) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады.
GKS 18V-68 C
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған иінтіректің
(23) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады.
Шағын кесік тереңдігі үшін араны тірек тақтасынан (13)
ары тартыңыз, ал үлкен тереңдік үшін араны тірек
тақтасына (13) қарай итеріңіз. Кесік тереңдігінің
шкаласында (17) қажетті өлшемді орнатыңыз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (16) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Bosch Power Tools
GKS 18V-68 GC
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
иінтіректі (5) және құлақты бұранданы (15) босатыңыз.
Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада (7)
орнатыңыз. Реттегіш иінтіректі (5) және құлақты
бұранданы (15) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (17) көрсетілген саннан кем.
GKS 18V-68 C
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
иінтіректі (5) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз.
Қажетті өлшемді шкалада (7) орнатыңыз. Реттегіш
иінтіректі (5) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (17) көрсетілген саннан кем.
Кесік белгілері
GKS 18V-68 GC
45
0
0° кесік белгісі (8) тік бұрышпен аралау кезіндегі ара
дискісінің позициясын көрсетеді. 45° кесік белгісі (9) 45°
бұрышпен аралау кезіндегі ара дискісінің позициясын
көрсетеді.
Дұрыс кесік жасау үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға қаратып орнатыңыз. Сынақ
кесік жасап көріңіз.
GKS 18V-68 C
0
45
0° кесік белгісі (9) тік бұрышпен аралау кезіндегі ара
дискісінің позициясын көрсетеді. 45° кесік белгісі (8) 45°
бұрышпен аралау кезіндегі ара дискісінің позициясын
көрсетеді.
Дұрыс кесік жасау үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға қаратып орнатыңыз. Сынақ
кесік жасап көріңіз.
Қазақ | 229
0
45
45
0
1 609 92A 5FB | (24.02.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières