Gorenje GH10A-S Mode D'emploi page 59

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 31
KZ – АС ҮЙ АУА СОРҒЫШЫ
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқауларын дәл орындаңыз! Өндіруші осы нұсқаулық нұсқауларын
орындамау салдарынан туындаған ақауларға, залалға және өртке жауап бермейді. Аспап үй жағдайында тама
дайындау кезінде пайда болатын түтін мен буды бұру үшін қолданылады.
Аспап осы нұсқаулықтағы суреттерде берілген аспаптан дизайны бойынша өзгеше болуы мүмкін. Бұл ретте
осы нұсқаулықта берілген пайдалану, техникалық қызмет көрсету және монтаждау жөніндегі нұсқауларды
орындаңыз.
!
Нұсқаулықты аспапқа жақын жерде ұстаңыз. Нұсқаулық пен қоса берілетін құжаттамаларды міндетті түрде
сақтап қойыңыз. Аспапты жаңа иегерге беру кезінде осы құжаттарды да беруді ұмытпаңыз.
!
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, өйткені мұнда аспапты монтаждау, пайдалану және қауіпсіз қолдану
жөніндегі маңызды ақпараттар бар.
!
Осы аспаптың конструкциясына, электрлік схемасына және шығарылған ауаны бұру жүйесіне өзгерістер енгізуге
тыйым салынады.
!
Монтаждауды бастамас бұрын аспапты бұзылулардың жоқтығына тексеріп алыңыз. Бұзылуларды анықтаған
кезде аспапты орнатпаңыз және аспапты сатып алған дүкенге жүгініңіз.
Ескертпе. Жұлдызшамен «(*)» белгіленген керек-жарақтар кейбір модельдерде ғана жабдықтың жиынтығына кіреді.
Қаласаңыз керек-жарақтарды қосымша жабдық ретінде сатып алуға болады.
Назар аударыңыз!
ЕСКЕРТУ! Монтаждау толықтай аяқталмайынша аспапты электр желісіне жалғамаңыз.
Тазалау мен қызмет көрсетуді бастамас бұрын ауа сорғыны байланыстырғыш кабель ашасын розеткадан ажырату
немесе сақтандырғышты сөндіру арқылы электр желісінен ажыратыңыз.
Монтаждау және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау кезінде қорғайтын қолғап киіңіз.
Аспапты балаларға, физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны
қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек біреудің қарауымен немесе егер оларды олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға аспапты қолдануды үйреткен жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат
етіледі.
Аспап ересектердің қолдануына арналған. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Аспап ересектердің қолдануына арналған. Балаларға басқару элементтерімен және аспаптың өзімен ойнауға рұқсат
етпеңіз.
Егер тор дұрыс орнатылмаған болса, аспапты қолданбаңыз.
Егер бұл жеке келісілмеген болса, ауа сорғыны тірек жазықтығы ретінде қолдануға ҚАТАҢ тыйым салынады.
Егер бөлмеге ауа сорғыдан басқа газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын аспаптар орнатылған болса,
оны жеткілікті желдетуді қамтамасыз етіңіз.
Ауа сорғының ауасын газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын аспаптардың желдету каналдары арқылы
шығаруға болмайды.
Сорғы астында ашық отпен дайындауға және отпен шарпуға ҚАТАҢ тыйым салынады.
Ашық отты қолдану сүзгілердің бүлінуіне немесе жануына алып келуі мүмкін, сондықтан кез келген жағдайда мұның
алдын алыңыз.
Тағамды қараусыз қуыруға тыйым салынады, өйткені май қызып кетуі және өртенуі мүмкін. Сорғының астында
орналасқан пісіру аспабының жұмысы кезінде ауа сорғының қол жетімді бөліктері қызуы мүмкін.
Шығарылған ауаны бұру саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың ескертулері мен қауіпсіздік жөніндегі
нұсқауларын мұқият орындаңыз.
Аспаптың ішкі және сыртқы беттерін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз (АЙЫНА БІР РЕТТЕН ЖИІ ЕМЕС)
Аспапты тазалау, сонымен қатар сүзгілерді тазалау және ауыстыру бойынша нұсқауларды орындамау өртке себеп
болуы мүмкін.
Шамдары дұрыс орнатылмаған ауа сорғыны қолдануға және қалдыруға тыйым салынады, өйткені бұл электр
тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.
Өндіруші осы нұсқаулық нұсқауларын орындамау салдарынан туындаған ақауларға, залалға және өртке жауап
бермейді.
59

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières